№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КМF: «ЖЫЛЫ ЖҮРЕК, ЖОМАРТ ҚОЛ!»

КМF: «ЖЫЛЫ ЖҮРЕК, ЖОМАРТ ҚОЛ!»

«Жақсылық – жүректен» демекші, ұлттық болмысымыздың боямасыз бір көрінісі – қайырымдылық қасиет. Осынау ұлттық кодымызды дәріптеп, айналасына шуақ шашып, күпті көңілге нұр себелеп, жақсы ісімен көпке өнеге болып жүрген жандар жетерлік. Әсіресе солардың қатарында КМF компаниясының Жаңақорған аудандық филиалын айрықша атауға болады. Олар жыл сайын дәстүрлі түрде республикалық «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырумен қатар, қолдау көрсетіп келеді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты.

КМF компания бөлімшесінің мәжіліс залында жаңа оқу жылына асыққан жасөспірімдер жинала бастады. Жазғы демалыстарының қызығын айтып, өз ойларын жеткізген өрендер қаржылық қызмет жайында қызығушылықтарын жасырмады. Еркін пікір алмасып, балалардың сұрағына жауап қатқан компания қызметкерлері «Мектепке жол» акциясының маңыздылығына арнайы тоқталып өтті.
– Республикалық акция Жаңақорғанда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Әрине, мұндай сауапты істерді үйлестіруде КМF компаниясының өзіндік орны бар. Жаңа оқу жылына байланысты оқу құралдарымен қамту үшін 500 сөмке үлестірілуде. Бас штабымыз Алматы қаласынан арнайы жасақталған мектеп сөмкелері елдің барлық өңірлеріне таратылуда. Міне, соның 50-і Қызылорда облысына, оның ішінде біздің бөлімшеге 7 мектеп сөмкесі келді. Біз осы аманатты осы ауданның 7 оқушысына табыстамақпыз. Мақсатымыз – болашақ елдің тірегі жас талапкерлерге оқуда озат болып, елдің көшін алға сүйрейтін алып тұлға болсын деген ізгі ниет ғана. Сондықтан әрбір оқушының талабын жанып, жігерін қайрап, үмітін үкілеп, оқуға деген ынтасын арттырғымыз келеді, – дейді КМF компаниясының Жаңақорған бөлімше басшысы Алмат Самидинов.
Шағын кәсіп иелерін микрокредитпен қамтып, тіршілігін жандандыруда КМF компаниясының бәсі жоғары. Пайызы төмен, әрі клиентерінің ұсыныс-пікіріне құлақ асатын қаржы ұйымының жұмысы жүйеленген. Бұл компания тек ғана қаржыландыру ісімен ғана шектеліп ғана қоймай, аудан жұртшылығы үшін игі істің ұйытқысы болып келеді. Бұған дейін де «Қарияларды аялайық», «Кедергісіз келешек» акциясында белсенділік танытты. Әлеуметтік осал топтағы отбасыларына азық-түлік үлестіргені де ел есінде.
Өз кезегінде көп балалы ана Айгүл Жаңабекқызы: «Осылай жомарттық танытып, балаларға ең керекті заттарын үлестіру де көп балалы отбасы үшін үлкен көмек. Көп азаматтарға үлгі боларлықтай сауапты іс жасағандары үшін рахметімді айтамын», – деді.
Түйін. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы – білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Рухани жаңғырудағы осы басымдықты КМF компаниясының «garyshker» қайырымдылық шарасы арқылы білімпаз ұрпаққа деген шынайы қамқорлығын байқатты.
Мақпал МАРҚАБАЙ
24 тамыз 2023 ж. 409 0