№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАЛАРҒА

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ – БАЛАЛАРҒА


«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады». Осы аталы сөз бүгінгі қоғамның келбетіне айнала бастағандай. Алғашқы қоңырау мерекесі қарсаңында мектепке дайындалып жүрген балаларға қуаныш сыйлауға асыққан жандар аз болмады. Бүгінгідей табыс көзі азайған сәтте қолдағы барымен бөлісе білген қамқор азаматтардың мейірімін сөзбен жеткізу де мүмкін емес.

Ауданда дәстүрлі шараға айналып, жыл сайын өткізіліп тұратын қайырымдылық шараларға демеушілік танытып жүрген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға еншілес кәсіпорын «Қызылқұм» ЖШС мекемесінің қамқорлығын ерекше айтуға болады. Ата-ананың жұбанышы, бар байлығы, өмірінің мәні мен сәні, көңіл шаттығы, көз қуанышы – бала. Сондықтан оларды қуанышқа бөлеу әрбіріміздің асыл міндетіміз. Қамкөңіл балаларды қуантуға келген осы мекеменің әлеуметтік тұрақтылық менеджері Сакен Мұхтарұлы «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы аясында Билібай және Байкенже ауылына арнайы атбасын тіреді.
Кездесуге келген балалармен жылы шыраймен сәлемдесіп, дөңгелек үстел басында әңгіме өрбіткен еді.

– Айналайын, алтындарым! Жазғы демалыс та аяқталып, жаңа оқу жылы басталғалы тұр. Біздің азат еліміздің ертеңгі тірегі сіздерсіздер, сол себепті де балалардың қауіпсіздігі мен қажеттілігі біздің басты назарымызда тұрады. Президентіміздің пәрменімен әр баланың даму динамикасына ерекше көңіл бөлініп келеді. Біздің «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға еншілес кәсіпорын «Қызылқұм» ЖШС мекемесінің бас директоры Бағдат Әбжаппарұлы жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелерін назарда ұстап, ауылға, елге қажетті істердің басы-қасынан табылып келеді. Сіздерге басшылықтың аманатын арқалап, алғыс айтқалы келдім. Жаңа оқу жылында сабақ үлгерімдеріңіз артып, жақсы жетістікке жетіп, елдің абыройын асққақтатар білімді де тәрбиелі шәкірт болады деген үлкен үмітпенен сіздермен жүздесіп отырмыз. Біздің үкілі үмітіміз сіздердің жарқын болашақтарыңызда! – деді ол.
Басқосуда көп балалы ана Ақкүміс Арынбай демеушілерге алғысын білдірді.
– Ауылда қандай іс болмасын демеушілік етіп, халықты елшіл іске бағыттап, әрі жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып келе жатқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға еншілес кәсіпорын «Қызылқұм» ЖШС мекемесіне көп балалы аналар атынан алғыс айтамын, –деді ол.
Қайырымдылық шара биыл аудандағы отбасын қолдау орталығымен бірлесіп жүзеге асуда. Алғашқы қоңырау соғылғанша 24 ауылдық округтегі балаларға аманат табысталады. Бұл туралы аудандық Отбасы қолдау орталығының инспекторы Айнұр Сұлтанова мәлімдеді.
Еркін пікір алмасқан балалар кен игеру және метал өңдеу саласына қызығушылығын білдірді. Байқағанымыздай, балалардың дені жаңа мамандыққа қызығушылығы барын аңғартты. Кеш соңында Сәкен Мұхтарұлы жаңа оқу жылына арналған мектеп құралдарына толы сөмкелерді тарту етіп, жақсы оқып, үлгілі оқушы болуды аманаттады.
Рухани жүздесуде ел мүддесі жолында еңбек етіп жүрген еңбеккерлердің ақ пейілі мен мейірім шуағына бөленген өрендер алғыс айтып тарқасты. Осы сәттегі балалардың жүзіндегі қуаныш лебі мен көңіліндегі жарық нұрды сөзбен жеткізу мүмкін еместей.

ТҮЙІН. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шара жасау халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі екенін атап өткен еді. Осындай имандылық пен руханиятты қолдап, ата дәстүрді дәріптеп, кейінгі ұрпаққа мейірім дәнін аманаттап, қоғамға нұрлы шуақ шашып, мол сауапқа кенеліп жүрген жандардың қарекеті елді шын сүйсіндіретіні ақиқат.

Мақпал МАРҚАБАЙ
27 тамыз 2024 ж. 167 0