№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл медицинасы дамып келеді

Ауыл медицинасы дамып келеді


Халықтың денсаулығын сақтау және оларға сапалы медициналық қызмет көрсетуде интеграцияланған тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген «Жол картасы» аясында өз ауданымызда ілгерілеушілік бар. Атап айтсақ, аудан орталығынан 230 орынға арналған тәуліктік орталық аурухана, Төменарық ауылынан 10 орындық аурухана, Қандөз ауылынан 5 орындық аурухана, 1 аудандық емхана, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет, 50 жалпы тәжірибелі дәрігерлік аймақ қызмет көрсетуде.
Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында 2024 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық емхана ассенизатор автокөлігі мен УЗИ құрылғысы визуализация аппараты, медициналық сорғыш аппараты В-40 және зертханалық центрифуга сынды жабдықтармен толықтырылды.


Сондай-ақ қазіргі таңда Төменарық дәрігерлік амбулаториясы құрылысының жобалық 40 пайызға жуығы аяқталды. Жаңа медициналық амбулатория Жаманбай батыр және Әбдіғаппар ауылдарында да бой көтермек. Аталған екі жобаның құны 348 млн 196 мың теңгені құрайды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі ана мен бала денсаулығы. Осы бағытта ұрықтың даму ақауын және жүкті әйелдердегі патологияны жоғары дәлдікпен анықтауға арналған экспертті ультрадыбысты зерттеу аппараты алынып, жүкті әйелдерге зерттеу жүргізілуде. Жүктілердің УДЗ нәтижесін скринингпен тексеруге арнайы мамандарымыз білімін жетілдіріп, жұмыс жасауда.
Жаңақорған ауданы бойынша жіті миокард инфарктісі мен ми қанайналым жіті бұзылыстары кезіндегі медициналық көмек көрсету негізінде жедел миокард инфаркт кезінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту және науқастарды ерте анықтау мақсатында функциональды кардиологтың бөлмесі Холтер ЭКГ, СМАД, 12 каналдық ЭКГ, жоғары сезімталдығы бар тропонинді анықтайтын аппарат, тредмил тест аппараттарымен жабдықталып, науқастар терапия бөлімшесінен ашылған кардиологиялық 13 төсекте жоспарлы түрде ем алуда. Жіті миокард инфарктісі бойынша ағымдағы жыл аудан көлемінде жедел коронарлық синдромымен барлығы 24 науқас тіркеліп, былтырғымен салыстырғанда 10 жағдайға артқанын көрсетті.
Қазіргі таңда аудандық ауруханада 25 төсектік реабилитация бөлімі жұмыс жасауда. Бұл бағытта да мамандар білімі жетілдірілді.
Аудан халқының денсаулығын сақтауда ерте-анықтау, профилактикалық жұмыстар маңызды. Бұл бағытта скринингтік зерттеу бойынша жұмыс жоспарлы жүргізілуде. Дей тұрғанмен, қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғандар саны 2023 жылмен салыстырғанда 2 жағдайға көбейген.2024 жылы 13 науқас ерте сатысында анықталған болса, 2023 жылы 15 науқас анықталған.
Аудандық бейіндік аурухананың қабылдау бөлімінде аяқастынан апатқа ұшырау, кенет қалыпты жағдайын жоғалтқан ауыр науқастарды уақыт өткізбей аппаратқа қосу, көмек көрсету бөлмесі даярланған. Бұл бағытта травматология бөлімшесінде отаға арналған хирургиялық, травматологиялық, операциялық стол құрал-жабдықтарының толық кешенімен қамтамассыз етілген.
Жасөспірімдер арасында суицидттік жағдайлардың алдын алу мақсатында Жаңақорған ауданы бойынша білім беру ұйымдары мен емхана психологтары тарапынан барлық іс-шаралар өткізіліп, үнпарақшалар таратылып тұрады. Суицидтік әрекеттің алдын алу мақсатында суицидтік мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің тәуекел тобын анықтау жұмысын жолға қою мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, ішкі істер және т.б. құзырлы мемлекеттік органдар арасындағы салааралық байланыс жұмыстары жүргізілуде.
Бізге осы мәселелер жөнінде толыққанды ақпарат берген аудандық көпбейінді емхана мамандарынан бүгінгі таңда өзекті болып отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмысының барысы жөнінде де айтып беруін сұрадық.
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 2024 жылғы 29 ақпандағы №96 өкімімен жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топ құрамына денсаулық, білім, аудандық кірістер басқармасы, аудандық көші-қон қызметі бөлімшесі, кент, ауылдық округ әкімдері мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары енгізілді.Қазіргі таңда жұмысшы топ өзара күнделікті байланыс орнатып, бірлесе жұмыс атқаруда.
Жыл басында сақтандырылмаған азаматтардың саны 13499 құраса, ал қазіргі уақытта сақтандырылмаған азаматтардың саны 10352 тұрғынды құрап отыр. Яғни 2024 жылдың 6 айында 3147 тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәртебесіне ие болды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан келген сақтандырылмаған азаматтарға қатысты медицина қызметкерлері тарапынан күнделікті қабылдауға келген, үйге шақырту жасаған тұрғындарға және көше аралау кезінде қаралған тұрғындарға медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі жайында кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.Түсіндірме жұмыстары кезінде 167 дана МӘМС жүйесінің 2024 жылға арналған жаднамалары таратылды. Сонымен қатар емхананың мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында биылғы жылға арналған МӘМС жүйесі бойынша 2 семинар сабақ, 5 каскадты оқытулар өткізілді. Аймақтар бойынша ай сайын сақтандырылмаған азаматтардың көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіледі.

Жәмила ЕРМАХАН
13 тамыз 2024 ж. 230 0