№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада жаңа перинаталдық бөлім ашылды

Қызылордада жаңа перинаталдық бөлім ашылды


Мереке қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы көпбейінді облыстық аурухана базасында 70 орындық перинаталдық бөлімнің ашылу рәсімі өтті. Бұл игілікті қадам арқылы сырбойылық аналардың денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстарға жаңа серпін берілмек.
Іс-шарада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қызылорда облысының құрметті азаматы Тұрғанбай Маханов әріптестерін құттықтап, ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ, жаңа МРТ аппаратын іске қосуға және перинаталдық бөлімнің ашылуына үлес қосқан медицина қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, бүгінде Сыр өңірінде тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында жаңа нысандар көптеп бой көтеруде.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен өңірімізде жалпы құны 11 млрд. теңгені құрайтын 27 нысан салу көзделген. Өткен жылы елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет ел игілігіне табысталып, қазір 30 мыңнан астам ауыл халқына қалтқысыз қызмет көрсетуде. Қалған 11 нысан, 1 ауылдық аурухана (Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында) және Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық көпбейінді ауруханалары жанынан қосымша құрылыстар биыл салынып, ел игілігіне беріледі.
Қызылорда қаласында 36 млрд. 400 млн. теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Құны 2 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын «Қан орталығы» Медицина қызметкерлері күні қарсаңында пайдалануға беріледі.
06 наурыз 2024 ж. 236 0