№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "ЖОО, шетел, арнайы бағдарламалар". Елімізде ғылым саласы қалай дамып жатыр?

"ЖОО, шетел, арнайы бағдарламалар". Елімізде ғылым саласы қалай дамып жатыр?

Фото: ашық дереккөз
Жоғары оқу орны – кез келген талапкерге жоғары білім беретін оқу орны. Сондай-ақ, университет қабырғасы адамдарды білімге, тәрбиеге шақырып, алдағы үлкен өмірге, қоғамға дайындайды. Елімізде түрлі жаңалық ашып, ғылым мен білім саласын дамытып жүрген ғалымдар да оқудан, жаңа ілімді үйренуден талмаған.

Қазір көптеген жастар ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүруге құмар. Яғни, олар "Бірақ бізге университет не үшін керек?" деген сауалмен өмір сүреді. Себебі бүгінгі жастардың сөзінше білім алу, ғылыммен айналысу бос уақыт өткізумен тең. Мектеп бітіруші түлек, білім ордасындағы кей студенттер болсын өз саласын 3-4 айлық қысқа курс, үйірмелерден үйреніп, үлкен өмірге асығады. Өйткені, бүгінде әртүрлі онлайн курстар мен ресурстар арқылы білім мен білім алуға болады. Дегенмен, жоғары білім мен ғылымның адам өмірі үшін алар орны ерек.
1. Терең білім мен құзыреттілік. ЖОО арасынла студенттерге белгілі бір білім саласын тереңдетіп оқып, таңдаған мамандығы бойынша терең және жан-жақты білім алуға мүмкіндік береді. Өз білімін жалғастырамын деген талантқа біздің ғылым саласы әрдайым ашық.
2. Практикалық дағдылар да адам өмірі үшін аса маңызды. Себебі адамға тек теорияны меңгеріп қана қою - жеткіліксіз. Практикалық дағдысын жетіктірмеген адам өз болашағын да қалыптастыруы екі талай.
Ғылым мен білім қоғамның дамуында маңызды рөл атқаратанын естен шығармаған жөн. Өйткені ғылым технологияның және инновацияның алға жылжуына ықпал етеді.
Ғылым мен білім күрделі мәселелерді шешуге, адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономиканы көтеруге және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға көмектеседі. Ғылымның қоғам үшін маңызы мынада:
1. Ғаламдық мәселелерді шешу. Ғылым климаттың өзгеруіне, пандемияға, азық-түлік қауіпсіздігіне, кедейлікке және қазіргі заманның басқа да маңызды мәселелеріне қатысты мәселелерді шешуге көмектеседі.
2. Технологияның дамуы. Ғылыми зерттеулер жаңа өнімдерді, қызметтерді және экономика секторларын құруға ықпал ететін технология мен инновацияны байытады.
3. Экономикалық өсу. Ғылым – экономикалық прогрестің қозғалтқышы, өйткені ғылыми жаңалықтар арқылы жасалған инновациялар мен технологиялар жұмыс орындарын ашады, өнімділікті арттырады және компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
4. Білім және мәдениет. Ғылым білім мен мәдениеттің кеңеюіне ықпал етеді, білімге деген қызығушылықты оятып, сыни тұрғыдан ойлауды дамытады.
5. Денсаулық сақтау және медицина. Ғылым медицинаның дамуында маңызды рөл атқарады, ауруларды анықтауға және емдеуге көмектеседі, медициналық қызметтің сапасын жақсартады және адамдардың өмірін ұзартады.
Олай болса, ғылымның қоғам үшін маңызы зор, ол оның ілгерілеуі мен игілігіне ықпал етеді. Ғылыми зерттеулер мен білімге салынған инвестиция елдің заманауи, бәсекеге қабілетті және болашақтың сын-қатерлеріне төзімді болуына мүмкіндік береді.
Бүгінде біздің елімізде ғылыммен айналысуды көздеген білімді жастар көп. Мысалы, Түркістандық түлек.
Түркістанда 11 сынып түлегі әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алып, көпті таңқалдырды. Ислам Абдрурахманов БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцарияда өзінің қалаған ЖОО студенті атануға мүмкіндік алған. Ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ өз талантымен танымал бола бастаған үздік оқушының бірі екені айтылды. Түлекке ұстаздары да үлкен сеніммен қарайды.
Жас түлек өз сөзінде:
"8-сыныпта айти саласына қызығушылығымды оятып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен "Hackathon" атты жарыстан алтынға қол жеткіздім, осы іс шарада алған тәжірибем Қазақстандағы білім олимпиадасынан. бірінші орын иеленуіме себепкер болды. 9-сыныпта қоғамдық істермен айналысамын деп шештім. Түркістан қаласының "Eco Turkistan" клубының мүшесі болдым және ол жерде біраз тәжірибе ала отыра, Кентау қаласында өзімнің "Green Team" атты жеке эко клубымды аштым", - деген болатын. Жастайынан ғылымға қызыққан бала алдағы уақытта шет елде білім алып, қабілетін одан әрі шыңдамақ. Ислам Абдурахманов АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласындағы "North American University(NAU)" мекемесіне оқуға түсуді көздеп отыр. Ол оқуын тәмамда, жаңа қабілеттері меңгерген соң Қазақстанға келетінін де айтқан. Сол арқылы еліміздің дамуына үлес қосып, ғылым саласын дамытуды көдеп отыр.
Елімізде мұндай таланттар өте көп. Ең қуантарлығы ғылым саласымен айналысып жүрген ғалымдарымыз ЖОО студенттеріне сбаақ беріп, олардың ілімге құштарлығын арттырып жатыр. Одан бөлек, Қазақстан ғылымын дамыту үшін елдегі Ғылым академиясында жұмыс істеп, жаңа тәжірибелерді байқап көріп, зерттеу жүргізіп жатқан жерлестеріміз де аз емес. Шекара асып, өзгенің жерін өз ұлтындай көрмей, қазақтың іліміне зор үлестерін қосуда.
Тағы бір кейіпкер - Алматы облысынан шыққан қарапайым педиатр болған Жанар есімді ғалым. Ол 1990 жылы Петербургтегі медицина институтының «Педиатрия» факультетінде білім алған. Артынша бірден елге оралып, білекті түріп, іске кіріскен. Жанар Төребаева Алматыдағы Ғылым академиясына жұмысқа тұрып, өз арманын іске асырып, ғылыммен айналысқан. Ғылым Академиясында жүріп те кандидаттық диссертация­сын қорғап, өз атағын алған.
Үнемі ғылыми ізденісте жүретін әйел ғылыми ортада көптеген таланттармен танысып, ғалымдармен пікір алмасқан. Уақыт өте келе өз білімін жетілдіріп, Францияда білім алды. Осылайша өз өмірін ғылымға арнаған қазақ қызы елдің дамуына өз үлесін тигізген.
Бүгінде жас ғалымдар да, ғылыммен айналысып жүргендері де назардан тыс қалмаған. Елімізде түрлі бағдарламалар арқылы байқаулар өткізіліп келеді. Атап айтар болсақ, «Жас ғалым» жобасы. бойынша
Мұнда жас ғалымдар арнайы өздері үшін гранттық бағдарламаға қатыса алады. Мұнда жалпы, 2021-2023 жылдар аралығында «Жас ғалым» жобаларын гранттық қаржыландыруға 4 конкурс, 2022-2024 жылдарға 3 конкурс және 2023-2025 жылдарға 1 конкурс өткен. Бұл өте жақсы көрсеткіштің бірі деуге болады.
Осылайша, төрт байқаудың қорытындысына сәйкес зерттеуші әрі жас ғалымдар 462 жобаны іске асыруға кірісіп кеткен. Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша бесінші конкурс аяқталу сатысында.
"Жас ғалым", арнайы гранттар, байқаулар сынды түрлі нәтижелі жұмыстың арқасында біздің елімізде ЖОО білімі, елдегі ғылым саласы айтарлықтай дамиды деген сенімдеміз.
Дереккөз: adyrna.kz
01 тамыз 2024 ж. 143 0