» » ЕРКЕ ЕСМАХАН ИНСТАГРАМДА ЖАРНАМА ЖАСАУ ҚАНША ТҰРАТЫНЫН АЙТТЫ

ЕРКЕ ЕСМАХАН ИНСТАГРАМДА ЖАРНАМА ЖАСАУ ҚАНША ТҰРАТЫНЫН АЙТТЫ


Қазақстандық әнші, «Алло», «Қайда» әндерінің орындаушысы Ерке Есмахан Instagram-дағы бір жарнамадан қанша табыс табатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жарнама өте көп түседі. Мен ішінен таңдап-таңдап жасаймын. Жарнама миллионнан басталады. Олар менімен контрактқа отырады. Бір пост үшін жарнама жасайтын болсам, әрине, оған мен жеңілдіктер жасаймын. Ең бірінші пайдалы дұниені жарнамалаймын, менде ақша үшін жарнама жасау керек деген жоқ», - деді Ерке Есмахан.
Ол сондай-ақ туристік компанияларды жарнамалау арқылы шетелге шығып тұратынын жасырмады.
«Ақшаны қайдан табатынымды өздеріңіз де білесіздер. Мен өнер адамымын. Концерт те, той да, жарнама да көп. «Инстаграм» деген өте үлкен күш бар. Соның арқасында да шетелге барып-қайтатын кездер болады. Кейбір кезде жарнамадан тыс өз отбасыммен барып келемін. Шетелге мезгілімен шыққанды жақсы көремін», - деді ол Астанада өктен Open Air шоуында.
Назерке Абибулла
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

30 мамыр 2018 ж. 1 599 0