№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛАБАҚШАДА "ЖАС МАМАН – 2018" БАЙҚАУЫ ӨТТІ

БАЛАБАҚШАДА "ЖАС МАМАН – 2018" БАЙҚАУЫ ӨТТІ


Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 12 наурыз күні «Балапан» балабақшасында мұғалімдердің рухани басымдылығы мен көркемөнерін дамыту мақсатында «Жас маман – 2018» байқауы өтті. Байқауға 6 жас маман қатысты. 
Байқау төмендегі бөлімнен құралды:

➡️«Мамандығым – мақтанышым» (презентация – мамандықты таңдаудағы мақсаты, балалармен жүргізген жұмыстары, дайындаған көрнекіліктері)
➡️«Білекті бірді, білімді мыңды жығар» сұрақ-жауап
➡️Полиглот (әр қатысушыға үш сөзден беріледі, сол сөздерді үш тілде айту керек)
➡️Кім көп біледі? (берілген әріптерге сәйкес балабақшаға қатысты сөздер жазу керек)
➡️Құпия жәшік (қатысушылар санына сәйкес заттарды жұмбақтап жасырады)
➡️«Біз актерміз» (берілген тақырыпты интонация мен эмоцияларын келтіре отырып оқу)
➡️Шығармашылық сандық (өз қолымен жасаған жұмысына жарнама жасау)
Жас мамандар 1 бөлім бойынша слайд арқылы «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында презентация жасады. Әр маман осы мамандыққа қалай келгенін, оның қызықты сәттері туралы әсерлі презентация жасады. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» бөлімінде Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша сұрақтарға жауап берді. «Полиглот» бөлімінде заман талабына сай сөздерді үш тілде айтты. «Құпия жәшік» бөлімінде қатысушылар жұмбақтап жасырылған заттарды таба білді. «Біз актерміз» бөлімінде әр маман өзінің актерлік шеберліктерін көрсете білді. «Шығармашылық сандық» бөлімінде әр маман өз қолдарымен жасаған дидактикалық құралдарына жарнама жасап, таныстырды. 
Байқау соңында қатысушылар «Дипломдармен» және «Шығармашыл тәрбиеші», «Ізденімпаз педагог», «Заманауи тәрбиеші» номинацияларымен марапатталды.

13 наурыз 2018 ж. 3 206 0