№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Қазгидромет" өкілдері Аралға "жаңбыр шақырған" Алтай Айнабектің жұмысына баға берді

"Қазгидромет" өкілдері Аралға "жаңбыр шақырған" Алтай Айнабектің жұмысына баға берді

Желіде танымал болған қазақстандық Алтай Айнабектің "жасанды жаңбырына" қатысты "Қазгидромет" өкілдері пікір білдірді.

Абу-Дабиде тұратын қазақ жігітінің әлемде теңдесі жоқ қондырғы ойлап тапқанын және "Аралға жаңбыр жауғызамын дегені" әлеуметтік желілерді дүр сілкінтті. Қолдан жаңбыр жауғызудың қаншалықты қауіпсіз екенін, оңтүстікте жаңбырдың жиілеп кетуіне Алтай Айнабектің қатысы бар ма? Бұл сауалдың жауабын "Қазгидромет" РМК өкілдерінен анықтап көрді.

Бұл ретте метеорологтар Алтай Айнабектің жұмысына баға беру "Қазгидромет" РМК құзыретіне кірмейтінін мәлімдеді. "Жеке және заңды тұлғалардың жүргізетін қандай да бір жұмыстарына баға беру "Қазгидромет" РМК құзыретіне кірмейтіндігін хабарлаймыз.
Кәсіпорын ҚР Экологиялық кодексінің 166-бабына сәйкес, мемлекеттік байқылау желісін пайдалана отырып, қоршаған орта жай-күйінің мониторингін, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізуді қамтамасыз етеді", - деді синоптиктер.
Мамандардың пікірінше, Ресей мен АҚШ-та жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, табиғи түрде жауатын жауын-шашын мөлшерін арттыруға мүмкіндік бар екені дәлелденген. Дегенмен, Арал аумағы – құрғақ әрі ылғал тапшы аймақ.

"Арал маңы – Қазақстан бойынша континенталды климатпен сипатталатын, құрғақ әрі ылғал тапшы аймақ. Аталған аймақта жылдық жауын-шашын мөлшері 100-130 мм шамасында болса, жылдық буланушылық мөлшері одан ондаған есе жоғары яғни 1250-1450 мм құрайды. Бұл өз кезегінде жауын-шашын есебінен үлкен аумақты су ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін шектейді. Сондай-ақ атмосфералық процестердің өте күрделі екенін және жауын-шашын мөлшерін арттыру үшін сәйкес климаттық потенциалдың қажет екенін атап өткен жөн. Қазақстандық ғалым-метеорологтардың жүргізген зерттеулеріне сәйкес, елдің тек солтүстік аймақтарында ғана бұлттардағы су қорының жауын-шашын мөлшерін арттыруға жеткілікті потенциалы бар, ал қалған аймақтарда бұл көрсеткіштер мардымсыз. Бұл мәліметтер профессор, география ғылымдарының докторы А.В. Чередниченконың "Қазақстан климатының өзгеруі және қол жетімді бұлт су қорлары есебінен бейімделу мүмкіндіктері" атты монографиясында көрсетілген (Монография. Бішкек: Илим, 2009. – 260 б.). Ресей мен АҚШ-та жүргізілген эксперименталды зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, қазіргі уақытта табиғи түрде жауатын жауын-шашын мөлшерін 10-15%-ға арттыру мүмкіндігінің бар екені дәлелденген", - деді мамандар.
Сонымен бірге кәсіпорын өкілдері Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласында түскен жауын-шашын табиғи синоптикалық жағдайларға байланысты болғанын атап өтті. "Кәсіпорын өзге тұлғалардың болжамдарын өз болжамдарымен салыстыру бойынша жұмыстар жүргізбейтіндігін хабарлаймыз. Алайда синоптикалық талдауға сәйкес, 2024 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында Солтүстік жарты шардың атмосферасының жоғарғы қабаттарында ауа температурасының ендік бойынша айырмашылығы жоғары болды және барикалық құрылымдардың жиі ауысуы байқалды. Осы кезеңде Қазақстан аумағында циклондық белсенділік басым болып, әртүрлі қарқындылықтағы жауын-шашынның түсуіне әкелді.
Сондай-ақ 2023-2024 жылдардағы Эль-Ниньоның белсенді оң фазасы жоғары ендіктердеің атмосферасындағы ылғалдың артуына ықпал етті. Мамырда (4-8, 13-14, 16-22, 24-25 мамыр) Оңтүстік Каспий және Оңтүстік циклондардың Қызылорда облысының аумағынан жиі өтуі нәтижесінде 0,1-ден 12 мм-ге дейін жауын-шашын байқалды, ал 5 мамырда түнде облыстың орталығында 19-27 мм шамасында қарқынды жауын-шашын тіркелді. Маусым айында Оңтүстік және Атлантикалық циклондардың ықпалына байланысты 6-9 және 22-30 маусымда 0,1-ден 4 мм-ге дейін жауын-шашын түсті. Шілдеде (1-22 шілде) облыс аумағы баяу қозғалатын Оңтүстік циклонның ықпалында болды, сонымен 6, 8 және 10-20 шілде күндері 0,1-ден 13 мм-ге дейін жауын-шашын түсті.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласында түскен жауын-шашын табиғи синоптикалық жағдайлармен байланысты болғанын және 10 күнге дейінгі дәлдікпен алдын ала болжанғанын атап өткен жөн. Маусым-шілде айларында түскен жауын-шашын мөлшері орташа көпжылдық норма шамасында немесе одан төмен болды", - дейді мамандар.
Одан бөлек, синоптиктер жаңбыр жаудыратын бұлт жүйелерін құру мүмкін емес деген пікірде. "Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның арнайы мәлімдемесіне сәйкес, табиғи метеорологиялық жүйелердің энергиялық қоры соншалықты үлкен болғандықтан, жаңбыр жаудыратын бұлт жүйелерін құру, желдің сипатын өзгертіп, белгілі бір аймаққа су буын әкелу немесе қауіпті табиғи құбылыстарды толығымен жою мүмкін емес. (WMO WWRP, 2018-1). (https://library.wmo.int/doc_num.php?explnum_id=9945). Осы тұрғыда бұлттар географиялық бір аймақтан екінші аймаққа тек табиғи жолмен ғана тасымалданатынын немесе құрылатынын хабарлаймыз", - дейді олар.
Сонымен бірге мамандар әлемнің кейбір елдерінде табиғи потенциалы бар бұлттарға әсер ету арқылы түсетін жауын-шашын мөлшерін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетінін айта кетті. Қазіргі таңда, әлемнің кейбір мемлекеттерінде табиғи потенциалы бар бұлттарға әсер ету арқылы түсетін жауын-шашын мөлшерін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда, бұршақ сынды қауіпті құбылсқа алып келуі мүмкін бұлттарға арнайы реагенттерді зеңбірек, ұшақ арқылы себу нәтижесінде жауын күйінде түсіру арқылы сейілту жұмыстары жасалады.
25 шілде 2024 ж. 499 0