№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қазақ радиосы: «СапарLike» бағдарламасы эфирге шықты

Қазақ радиосы: «СапарLike» бағдарламасы эфирге шықты


Бүгін сағат 9:30-да Қазақ радиосында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясыныңқолдауымен ішкі туризмге арналған «СапарLike» бағдарламасының алғашқы шығарылымы шықты. 
Бағдарлама Қазақстандағы ең танымал туристік орындарға саяхаттау үшін қандай туристік бағыттарбар екені туралы айтып, сапар шегу барысында қажет болатын әртүрлі пайдалы ақпаратты беруді көздейді.
Әр хабарға белгілі саяхатшылар мен туризм саласының қайраткерлері шақырылатын болады. Олармен әңгімелесу барысында белгілі бір туристік нысанға жету жолдары және жол бойы қосымша көруге болатын табиғи және киелі жерлер туралы айтылады.
Бағдарламаның басты элементі - Қазақстанның 20 ең танымал туристік орындарына бару бойынша сайыс болады. Бұл сайыс Астананың 20 жылдығына орайластырылған.
«СапарLike» бағдарламасыныңтізіміндегі еліміздің 20 туристік нысанына барып, суретке түсіп, оны Instagram немесе Facebook әлеуметтік желілірінде #saparlike #kazakhtourism #qazaqradiosy  хэштегтерімен бөлісу керек.
Ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, оның ішінде флагмандық смартфондарменжәне түрлі саяхат сертификаттарыменмарапатталады.
Бағдарлама әр апта сәрсенбі мен жұма күндері сағат 9.30-да тікелей эфирде шығатын болады. Сонымен қатар,хабар Қазақ радиосының Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларындадакөрсетілетін болады.
Хабардың алғашқы шығарылымын мына сілтеме бойынша тыңдайаласыз https://www.facebook.com/100017861205031/videos/218973135374725/
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ
30 мамыр 2018 ж. 1 226 0