№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жақсылық пен ізгіліктің жаршысы

Жақсылық пен ізгіліктің жаршысы


Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы – жақсылық. «Ізгілік қыл, ізгілік көп кісіде, әсерлі ғой ізгілердің ісі де» демекші, арамызда жақсылыққа жаны құмар жандар да бар. Олардың жүзінен жылулықты, көзінен қуанышты бірден аңғарасың. Ондай жандар жасау арқылы жалғыз қалған жанға серік, шар-шалдыққанға тіреу, жанындағы кісілерге көмек бола алады.
Осы ретте жаздың аптап ыстығына қарамастан, кент көшелерін тазалап, айналаны мұнтаздай етіп жинап жүрген тазалық қызметкерлеріне және тұрмысы төмен отбасыларға ізет білдіріп, екі күн қатарынан екі жүк көлігімен қарбыз әкеліп, көпшіліктің риясыз алғысына бөленген «ORDA Сығанақ» шипажайының басшыларына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Тазалық мекемесіндегі әрбір қызметкердің жағдайын жасап, шөлдеген жанға қамқорлық танытып, көңілдеріне демеу бола білді.
Міне, қолдан келгенше жақсылық жасауға, қиналған жанға қол ұшын беруге, қайырымдылық көрсетуге әрдайым асығып тұратын «ORDA Сығанақ» шипажайына көрсеткен ілтипатына тазалық мекемесіндегі әрбір қызметкер ерекше ризашылығын білдіріп, алғаусыз ақ тілектерін жеткізуде.
Иа, өзге біреуге жасаған жақсылығың ертең өзіңе, ұрпағыңа қайтып оралатынын естен шығармайық, қадірменді ағайын!

19 шілде 2024 ж. 178 0