№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басты міндет

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басты міндет


Сыбайлас жемқорлық – заман ағы­сымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойыл­май отырған кеселдің бірі. Бұл ке­сел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Сыбайлас жемқорлық мемлекет­тiк басқарудың тиiмдiлiгiн, ел­дiң инвестициялық тартымдылығын тө­мендететiнi, әлеуметтiк-эконо­ми­ка­­лық қарыштап дамуды тежейтiнi баршаға мәлiм. Бiздiң елiмiзде қазiр­гi заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс iстеуде. Оның негiзi «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекет­тiк қызмет туралы» заңдар болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асы­рылуда. Әсіресе, халық парақор­лық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Қазақстан Республикасы Пре­зидентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқ­сандағы «Қазақстан Респуб­ли­ка­­сының 2015-2025 жылдарға ар­нал­­ған сыбайлас жемқорлыққа қар­сы стратегиясы туралы» №986 Жарлы­ғына сәйкес кент әкімі аппа­раты Қазақстан Республикасы­ның «Мемлекеттік қызметі тура­лы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары мен Қазақстан Республикасы мемлекет­тік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру және құқық­тық оқыту және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес тақырыбында жиналыстар өткізіліп тұрады. Сон­дай-ақ сыбайлас жемқорлық көрі­ністерін болдырмау мақсатында әкімшілік ғимаратында 22-6-05 сенім телефоны орнатылып, лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне шағымдар мен арыздар үшін жеке және заңды тұлғаларға арналған жәшік орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлық – бұл ін­дет, ол бір күнде шеше салатын шаруа емес. Бұл індетті тек мемлекет қана емес, бүкіл ел болып жұмылғанда ғана жеңуге болатыны анық.
Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне, рухани кемелділігіне байланысты. Әрбір азамат және әрбір мемле­кет­тік қызметші қандай жағдайда бол­сын сыбайлас жемқорлық­қа қарсы тұру керек. Сол кезде сыбай­лас жемқорлықтың қоғамға төнген қаупінен құтыламыз деп санаймын.

Н.Қуаныш,
«Жаңақорған кенті әкімінің аппараты» КММ-нің
жетекші маман-заңгері

20 қаңтар 2024 ж. 273 0