№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төл басылым төріңізден табылсын

Төл басылым төріңізден табылсын

Биыл ауданның төл басылымының тоқсан жылдығына орай атаулы үнжарияны төрге оздыру бағытында оқырманнан айрықша қолдау күткеніміз рас. Оқырман қолдауын газетке жазылу, оған үн қосып, өзінің пікір-пайымын қосып отыру арқылы да білдіре алады.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында газет таралымы 6083 данаға жеткен болса, екінші жарты жылдықта алты мыңның айналасында тұрмыз. Оқырман саны едәуір тұрақты сақталып отыр дегенімізбен, бұдан биік мәрені бағындыруға да мүмкіндігіміз бар, тек құнт жетіспейтін тәрізді. Оның үстіне қазірде екінің брі «қолымыздағы телефонда төрткүл әлемнің бәрі тұр, газет оқып не керек?» деген уәжді айтуға әуестеніп алған. Шындығына келсек, белгілі бір жүйеде қадағалау жоқ әлеуметтік желілерде жарияланып жататын ақпараттардың қайсысы шын, қайсысы жалған екенін ажырата алмай, оқып отырып, күмәныңыз қатар тұратынын мойындау дұрыс сияқты.
Айналамызда болып жатқан жаңалықтар шынайы зерттеп, зерделеніп, журналистік жауапкершілік тұрғысында жанжақты сарапталған материал тасқа басылып шыққан соң әлеуметтік желідегідей ұнамаса немесе ақысы төленсе алып тастап, қайта жөндеп жату мүмкін емес. Сондықтан ауыздан шыққан сөзді қайтып ала алмайтының сынды қаламыңмен өрнектеген өрелі сөз өшпейді. Осындай салмақты міндетті арқалаған баспасөз жауынгерлеріне жеңіл-желпіні сойдақтатып жазып, соңынан кешірім сұрап жату қарадай газет беделін түсірері белгілі. Міне сондықтан да журналист ағайынның кәсіби қарымқабілетпен қоса жан тазалығы, биік интеллектуалдық болмыс пен мінез, зияткерлік әлеуеті аса маңызды. Нақ бүгінгі күндері газетіміздің арнаулы тілшілерінен өзге жарты ғасырға жуық уақыт газеттен қарымқатынасын үзбей келе жатқан тұрақты авторларымыздың бары көңілге мақтаныш ұялатады.
Олардың қатарында басы ел ағалары Зинабдин Шермұхамедов, Мұзарап Махмұтов, Шайдарбек Әшімов, Әбибулла Шерімбетов, Ізатулла Нәрзілдаев, Ерубай Қалдыбек, сынды ағаларымыздың барымен мақтанамыз. Олардың ізін жалғап келе жатқан қаламгерлер де аз емес. Солардың бірі қосүйеңкілік Қалмұрат Мұсабеков ағамыз кезінде «Ақбота» түйе өсірушілер баригадасының жетекшісі болған, Қвзвқ КСР Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланғанында өзімен бірге түскен ел ағасы Шазында Қарақожаевқа жолын берген, бірақ өзі жан-тәнімен қоғам тазалығы үшін осы күнге дейін жатпай-тұрмай қызмет етіп, еңбек адамдарын дәріптеп, өнер өлкесіндегі өткеннің жауһарларын жинастырып, ұрпақ санасында қалдыру жолында қажырлы қызмет етіп келеді. Ол кісінің жазбалары кәсіби тұрғыда жан-жақты және сауатты жазылатыны сондай, күзеп-түзеп, бір сөзінің де мұртын бұзуға қолың бармай, өзара кірігіп кеткен сөйлемінің әрбір қатарын әлденеше рет оқып, орамды ойларын алып тастауға обалсынып тұрасың. Жастар арасында да осындай салмақты сөз, сабақты пікірімен топ жарып жүрген Әбдісамат Әбдіш, Айгерім Мырзахметова, Айжарқын Найманбай сынды пәлсапалық жазбалары жарқын ой-толғамға толы авторларымызға арқа да сүйегіміз келеді. Осыншалықты еңбекпен, жан-жақты жауапкершілікпен оқырман қолына тиер үнжарияға үлгілі жазылуды қамтамасыз етуде әлі де болса түсіндіру, насихат жұмыстары кемшін тәрізді. Ауылдың тірегі саналар интеллигенция өкілдері – мұғалім, дәрігер, денсаулық сақтау саласы мамандары, жергілікті құзырлы органдар қызметкерлері ресми басылымдар – аудан, облыс газеттерін оқып отырмаса мемлекеттік саясаттан, күн сайын шығып жатқан қаулықарарлардан мақұрым болмай ма? Желіде осының барлығын жүйелеп түсіндіріп отыратын кім бар? Бас басылымнан бастап облыстық, аудандық газеттер ең алдымен қоғамдағы ең өзекті деген мәселені көтереді. Міне, осындай талап тұрғысында өз-өзіне жауапкершілік арта білген аудандағы мекеме, ұжым басшылары баспасөзге жазылуға сергек көзқарас танытып, бірінші жартыжылдықты жақсы көрсеткіштермен қорытындылады.
Аудандық білім бөлімі, Мәдениет және спорт бөлімі, медицина саласы, аудандық кітапхана, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық су шаруашылығы және орман шаруашылығы мекемелері, аудандық полиция ұжымы жоғары көрсеткішті таныта білді. Жаңақорған санаториясы 120 дана газетке жазылуды қамтамасыз етсе, СКЗ-И мекемесі де осы деңгейден табылды. Жаңақорған кенті әкімдігі және ауылдық округтер бойынша Ақүйік, Байкенже, Қожакент, Кейден, Келінтөбе, Төменарық, Жаманбай батыр, Қожакент, Көктөбе, Қожамберді, Қосүйеңкі ауылы әкімдерінің ықыласты талабы іске дем беріп, нәтижелі қорытындыланғанын айтуға тиіспіз. Мектептер бойынша үнемі талапты тұғырдан түспей келе жатқан Жаңақорған агро-техникалық колледжі ұжымы, Жайылмадағы №195, Сүттіқұдықтағы №52, Бірліктегі №55, Түгіскендегі №209 және 256 орта мектептер мен кент орталығындағы №125, №163, №169, №110, №56 білім ошақтары басшылығының баспаөзге нақты қолдауын ұжымның газетке жазылудағы белсенділігінен тануға болады. Газет таралымын арттыруға жанашырлық танытқан елжанды азамат Мансұр Бакиров 30 дана газетке жаздырды.
Төл басылымның тұрақты оқырмандары ішінде редакцияға өздері келіп жазылып кететін, газет бір күн кешіксе алаңдап отыратын аға-апаларымыз да аз емес. Біздің ортақ мақсатымыз – жаны жақсылыққа құштар, газетті іздеп жүріп оқитын оқырмандарымыздың көңілінен шығу. Сол жолда кейде бір сөздің баламасы үшін сарылып сағаттап отырар уақытымызға өкіне қоймаймыз. Өлшеулі ғұмырда бәрі өткінші десек те, өнер өлмейді, оның ішінде сөз өнері де бар.

Баян Үсейінова

03 шілде 2024 ж. 185 0