№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Арагерлерді ардақтайық партиялық жобасы жалғасуда

Арагерлерді ардақтайық партиялық жобасы жалғасуда

Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Осы ретте «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, қарттардың халін сұрап, көңіл бөлуді өзгелерге үлгі етуді мақсат етіп келеміз.
Бүгін аудандық партия филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпейсұлы зейнеткер Роза Тутеева анамыздың үйіне барып, тұрмысына қолғабыс етіп, ауласын тазалап, жалынды жастар игі іс атқарды.
Мұндағы мақсат, қарияларымызды құрметтеу, кейінгі буынға үлгі-өнеге боларлық игі істер арқылы үлкендердің батасын алу. Талай жыл бейнет етіп, зейнет жасына жеткен қарияларымыздың еңбегіне құрметпен қарау болып табылады.
29 маусым 2024 ж. 606 0