Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ардагерлерді ардақтайық

Ардагерлерді ардақтайық

«Қарияларымыз – қазынамыз» деген аманаттықтар ардагерлердің жағдайын сұрап, оларға көңіл бөлуді өз борышымыз деп қабылдап келеді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы арқылы партияластарымыз үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, қарттардың халін сұрап, көңіл бөлуді өзгелерге үлгі етуде.


Кеше аудандық партия филиалының Төрағасы Мажитов Арман Әбілпейсұлы зейнеткер, партия ардагері Сейданов Әбіл атамыздың құтты шаңырағына болып, 80 жасқа толған мерейлі мерекесімен құттықтап, шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарының қамқорлығы мен ықыласын тілеп, иығына шапан жауып, арнайы сыйлығын табыстады. Бұл жоба әлі жалғасын табатыны анық. Алдағы уақытта да елдің жағдайын жасап, әлеуетін артырып, саламатты, әрі салиқалы ұрпақ тәрбиелеуде «AMANAT» партиясының тигізер әсері өте зор.

13 сәуір 2023 ж. 549 0