Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Олжас Бектенов Қызылорданың энергетикалық инфрақұрылымының жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Олжас Бектенов Қызылорданың энергетикалық инфрақұрылымының жылу беру маусымына дайындығын тексерді



Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Премьер-Министр Олжас Бектенов Қызылорда облысында жаңа ЖЭО құрылысының барысымен танысты. Сондай-ақ алдағы уақытта шыны кластері құрылатын табақ шыны өндіретін инвестициялық жобаға барып, Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының орындалуын тексерді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Өңір тұрғындарын 1964 жылы пайдалануға берілген ЖЭО жылумен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі таңда жабдықтың тозуы 75%-ды құрайды. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 2 949 нысан, оның ішінде 808 көппәтерлі үй қосылған. Биыл осы объектілерді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін Президент қойған міндетті іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен 11 млрд теңге, қалалық қазандықтарды жөндеуге тағы 2 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 6 млрд теңге бағытталды. Қабылданып жатқан шаралар жылу трассаларының тозуын 42%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Премьер-Министрге жылу қуаты сағатына 277 Гкал болатын жаңа ЖЭО құрылысының қарқыны туралы баяндалды. Қазіргі уақытта жер қазу жұмыстары аяқталды, жабдықты орнатуға негіз қалануда – алаңға 600-ге жуық адам және 60 бірлік техника жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Нысанды 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда инвестор жобаны іске асыруға 70 млрд теңгеден астам инвестиция салды.
Олжас Бектенов ел экономикасының белсенді дамуына және өнеркәсіптік кәсіпорындардың іске қосылуына байланысты қосымша энергия қуаты қажет екенін атап өтті.
«Жаңа ЖЭО құрылысы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Оның іске қосылуы оңтүстік өңірлердегі электр энергиясының жүктемесін тұрақтандыруға және тұтастай алғанда еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға оң әсерін тигізеді», — деп атап өтті Премьер-Министр.
Қызылорда облысының әкімдігіне газ жеткізуші құбыр мен ЖЭО құрылысын уақытылы аяқтау, сондай-ақ барлық объектілердің жылу беру маусымына дайындығын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.
Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көрсеткішінің өсу қарқыны бойынша көш бастап тұр. Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев Премьер-Министрге өңірдегі өнеркәсіптің дамуы туралы баяндады. 2024 жылдың 5 айында экономиканың осы секторы 6,3% өсім көрсетті, инвестициялар көлемі 40%-ға өсті, оның 80% – жеке салымдар. 2024-2028 жылдар аралығында 8,4 мың жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеге 76 жобаны іске асыру көзделген. Осы жылдың өзінде 32,4 млрд теңге сомасына 15 жоба іске қосылмақ.
Шыны зауытының іске қосылуы дамуға айрықша серпін берді, онда қазіргі таңда шыны кластерін құру жұмыстары басталды. Кәсіпорын жұмыс істеген уақыт ішінде 27,3 млрд теңге сомасына 20,8 млн м2 шыны өндірілді. Бүгінде кәсіпорын $15 млн көлеміндегі өз қаражатына қуаты жылына 5 млн м2 болатын энергия үнемдейтін шыны шығаратын жаңа желіні іске қосты.
Олжас Бектенов Қазақстан экономикасы үшін маңызды жобаларға қаражат салуға дайын инвесторларға қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.
Жұмыс сапары аясында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне назар аударылды. Атап айтқанда, «Қызылорда – Жезқазған», «Қызылорда – Үшқұдық» автомобиль жолдарын салу және «Қызылорда – Ақтөбе» автомагистралін реконструкциялау жобалары бар. Көлік министрлігіне қажетті жұмыстарды жүргізуге және жобаларды уақытылы аяқтауға тиісті құжаттарды ресімдеу жөнінде тапсырмалар берілді.
29 маусым 2024 ж. 204 0