№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

                  
        
Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазақстан - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылдаған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияға мүше болған алғашқы ТМД елдерінің бірі.Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
         Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс органдары, өз құзыреті шегінде, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін үстемдігін қолдайтын, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғайтын мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөл атқарады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік кірістер органдарының тиімді жұмыс істеуін бұзуы және өз функцияларын орындауын әлсіретуі мүмкін.Сондықтан, мемлекеттік кіріс органдарында басымдықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мәселесі танылады.
         Жүргізілетін іс-шараларды тиімді ету мақсатында жыл сайын мемлекеттік кіріс органдарында сыбайлас жемқорлыққа көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ тұрақты түрде сенім телефондары жұмыс істейді.Жоспарланған іс-шараларды іске асыру қылмыстық шабуылдан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
19 маусым 2024 ж. 166 0