Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ міндет
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерде тамырын жайып келеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, Сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп негізінен Лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалану, Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, Лауазымды адамның өкілеттіктерін иемденіп алу, Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, қызметтегі әрекетсіздік және салғырттық.
Бұл бағытта аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесімен қызметкерлер тарапынан жұмыс кезінде және одан тыс уақытта қызметтік Этиканың қатаң сақталуына және сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтардан сақтандыру мақсатында үнемі құқықтық сабақтар жүргізіліп отырады.
Оған қоса, орман қорын қорғау, күту, екпе ағаштар қорын молайту, мекемелерде сұранысқа ие көшеттер санын көбейту, еңбек және техника қауіпсіздігін, оның талаптарын орындау, мекемедегі еңбек тәртібі мен нормативтік құқықтық актілердің талаптары, оның орындалу барысы ұдайы назарда ұсталуда.
Е.БАЯЗИТОВ, аудандық орман және жануарлар дүниесін
қорғау жөніндегі мемлекеттік коммуналдық мемлекеттік
мекемесі директорының