№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көпбалалы анаға баспана тарту етті

Көпбалалы анаға баспана тарту етті

«Мейірімділік - адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Бүгінде қоғамда қайырымдылық жасап, елге қол ұшын созатын азаматтар көбейіп келеді. "AMANAT" партиясының "Бақытты отбасы" жобасы аясында жақында көпшіліктің қолдауымен және "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитовтың ұйымдастыруымен көпбалалы ана Патима Үбайдуллаевны қуанышқа кенелтіп, баспана тарту етті.
Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Оған бүгінгі қайырымдылық іс нақты мысал.
Міне, қиындығы көрген түстей. Бүгін көрсе көз тоятынтай үлкен үйі бар. Бірнеше жылдан бері тағдырдың тауқыметін тартып отырған отбасы енді көңілдері жайланып, көз жастарына ерік берді. Әрине, куаныштың көз жасы бұл. Қуанбай қайтсін, Алла сәтін салып, балаларының несібесіне баспаналы болып, қуаныштары еселеніп жатыр. Тіпті, отанасы Патима әлі түсім секілді дейді..
– Бүгін көптен бері тілегенім қабыл оты. Баспаналы болуыма жағдай жасап, арманымның орындалуына жәрдем еткен барша халыққа, осы үйді салуға атсалысып жатқан ағаларымызға-апаларымызға көп-көп рахмет! Өте қуаныштымыз, балаларымның жүздеріндегі күлкіні көріп, көңілім орнына келді. Біздің жағдайымызды түсініп, жөн сілтеген өздеріңізге және Арман Мәжитовтей азаматқа алғысым шексіз. Көптің тілегімен үйлі болып жатырмыз, алғысым шексіз, – дейді көпбалалы ана.
Иә, осы отбасының үйлі болуына барша халық риясыз қуанып, барша халық тілеулестік білдіруде.
07 маусым 2024 ж. 186 0