№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ

Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ



«AMANAT» партиясы көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі, ерекше қажеттіліктері және аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдау және олардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруды тоқтатпайды. Мәселен, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған.
Өткен жұма күні аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлының қабылдауына келген М.Есиркепова апайымыз немересінің қазіргі таңдағы жай – күйін айтып көмек сұраған болатын. Айтылған мәселені аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлы бей – жай қалдырмай «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» партиялық жобасы аясында баланың еміне арнап қайырымдылық қор ашты. Нәтижесіне қайырымды жандардың арқасында бала еміне керекті 500 000 (бес жүз мың) теңге қаражат жиналып, әжесіне табысталды. Одан бөлек жиналған 118 000 (жүз он сегіз мың) теңге қаражатта дәл осылай партиядан демеу күтіп жүрген жан Г.Жусипова апайымызға баласының еміне деп табысталды.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», — дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып , достық пейілдерін танытқан барша жанға үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!
21 қараша 2023 ж. 240 0