№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа саябақ тарту етілді

Жаңа саябақ тарту етілді


Мектеп бітуріші түлектердің туған жерге тартуы жыл сайын дәстүрге айналғандай көрінеді. Әрбір мектептен түлеп ұшқан шәкірттер мерейлі мереке қарсаңында бірі білім ұясына, енді бірі ауылына сый жасауда. Ауылдың көркеюі мен көгалдандыруына үлес қосып жүрген төл перзенттердің игі ісін Төменарықтан да көрдік. Биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған сыныптастар жастар саябағын салып беруді мақсат етіпті. №53 А.Романов атындағы мектептің 2004 жылғы түлектерінің ауыл тұрғындарына сыйлаған саябақтың ашылу салтанатына арнайы қатысып, көптің қуанышымен бөлісіп қайттық.

Өзге ұлт өкілдері ең көп шоғырланған Төменарық елді-мекені халқы жөнін де алдыңғы қатарлы ауылдың бірі. Бүгінде 10-ға жуық өзге этнос өкілдері тату-тәтті, бірлікте бас қосып, бір атаның баласындай ғұмыр кешеді. Талай тау тұлғалардың кіндік қаны тамған ауылда бүгінде тындырымды тірліктер аз емес. Төрт түлігін төлдетіп, нәпақасын жерден теріп жүрген ауылдағы ағайынның ауызбіршілігін танытып жүрген жастардың өнегелі істері көпке үлгі болары анық. Бүгінгі лентасы кесілген жаңа демалыс алаңы ауыл ажарын ашып, жаңа үлгідегі жарықтандырумен әсемделген екен. Орындықтары мен төрде орын тепкен шаңырақ береке мен бірліктің белгісіндей болып бейнеленген. Түнде жап-жарық болып, күндіз жасыл желекпен көмкерілген әсем саябақтың құрылысы әлі де жалғасатынын жеткізді. Мұның барлығы ауыл жастарының ертеңі үшін жасалынып жатқан бастама.
Бір мектептің жігіттері түгел туған өлкеге табан тіреп, бірауыздан шешімге келіп, осы істі бірер ай бұрын бастап кеткен. Мерекеге дейін үлгеріп, ауылдағы ардагерлер мен жастардың басын қосып, салтанатты шара жоғары деңгейде өрбіді. Алдымен ауыл әкімі Бақытжан Айымбетов сөз алып, жылы лебізін білдірді. Әрі ауыл жанашырларына арнайы «Мақтау қағазы» мен естелік сыйға тартты. Одан кейін білім саласының ардагері Серік Мұсабаев сөз алып:
– Төменарық – киелі мекен, бұл ауылдан қаншама танымал тұлғалар, талантты жандар шықты. Мәдениет, спорт, білім және басқа да салалардың майталмандарының кіндігі кесілген мекенде әлі талай өскіндер өсіп шығады. Солардың көшін бастап, ізінен ерген іні буынға үлгі көрсетіп келе жатқан 1987 жылғы азаматтарға бүгін елдің атынан үлкен алғыс айтқым келеді. Ауылға жасап жатқан жанашырлықтары мен көркейтуге қосып жатқан үлестері мақтауға да, мақтануға да тұрарлық іс. Бұл азаматтардың барлығы да менің шәкірттерім, оқушыларым. Осы бірліктеріңнен ажырамай, елдік мүдде жолында еңбек ете беріңдер, – деп ізгі тілегін жеткізді.
Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған құрдастардың бәрі бір-бір саланың жүгін көтеріп, аудан әлеуетінің артуына үлес қосып келеді. Нақты айтқанда, саябақтың салынуына үлес қосқан 22 жігіттің барлығы сан салада тер төгіп келеді. Осындай азаматтарға ауылдың қадірлі қариясы Темірбек ақсақал ұстаздар, ата-аналары, аудандық мәслихат депутаты Лаура Бибасарова және замандастары ыстық ықыластарын білдірді. Ауылдағы ағайын асыға күткен саябақтың лентасы қиылып, Төменарық тұрғындары үшін есігін айқара ашты.
Құны 3 млн-нан асатын әсем саябақ нағыз жастардың бас қосатын орны болмақ.
Аудандық мәслихат депутаты Лаура Бибасарова да ізгі ниетін жеткізіп, “Аманат” партиясы Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Төрешованың «Алғыс хатын» Дархан Абдуллалұлына табыстады. Ауылдағы ағайын асыға күткен саябақтың лентасы да қиылып, Төменарық тұрғындары үшін есігін айқара ашты. Құны 3 млн-нан асатын әсем саябақ нағыз жастардың үйлену тойындағы естелік суреттерінің бір көрінісі болып қалатыны анық.
Шара соңында ауыл мешітінде ас беріліп, Құран бағышталды.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

04 маусым 2024 ж. 182 0