№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мерекеге тамаша тарту

Мерекеге тамаша тарту


Жаңақорғандық жас кәсіпкер Асан Әлкеев үнемі игі істің басы-қасынан табылып, жаны жомарттыққа жақын жүреді. Жас болса да қаншама қамкөңіл жанға демеу болып, қоғамдық жұмыстарда төбе көрсетіп, жас таланттар мен өнертапқыштардың өсуіне сүйеу болатынына талай куә болдық. Болатын баланың белін буып, барынша жанына медет болып жүрген ол 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында кенттегі ерекше күтімді қажет ететін жас өскіндерге керемет көңіл-күй сыйлады.


Аудан орталығындағы NONI паркке психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде тәрбиеленетін балаларды жинап, көңілдерін сергітіп, тәттілерден тарту жасады. Шынар Тұрсынбаева басшылық ететін мекемеде 50-ден аса бала тәрбиеленсе, соның 33-і бүгінгі шараға арнайы келіп, көңілдерін көтеріп кетті.
– «Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін» демекші, Асан мұндай істерді үнемі жасырып, мүмкіндігінше қолдау күткен көпшілікке барын беруге ниетті. Әсіресе балаларға демеу болып жүруді жаны сүйеді. Ол мұны азаматтық борышым деп біледі. Бүгінгі шараны да алдын ала жоспарлап, балаларға жылулық сыйлауды мақсат етіпті. Әрбір баланың көздерінен қуаныштың нұрын көрген қандай ғанибет десеңізші. Мұндай қамқорлық әлі де жалғасын табатын болады, – деді кәсіпкердің досы Нұрғали Кенжебаев.
Иә, ауданда Асан секілді жас, қамқор азаматтар аз емес. Дегенмен Асанның қоғамға еңбегі бір төбе. Ауыл балаларының болашағына бағдар беруге ынталы осындай жігіттерге қандай құрмет көрсетсек те жарасады емес пе?!

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
01 маусым 2024 ж. 158 0