№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жақсылықтың жолы ұзын

Жақсылықтың жолы ұзын


«Қайырымдының қолы ұзын, жақсылықтың жолы ұзын» дейді халық даналығында. Ел ішінде ересектерді қойып тумай жатып тағдыр тәлкегіне тап болған ерекше күтімді қажет ететін өскіндер де аз емес. Осындай балғындардың мұңлы көңіліне медет болып, қуаныш сыйлауды міндет санаған ауданымыздағы «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-ға еншілес кәсіпорын «СКЗ-U» ЖШС 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай тағы бір жақсылыққа жұмылды.


Балаларға базарлық жасауды дәстүрге айналдырған «Каз­атампром» ҰАҚ АҚ еншілес кәсіпорны «СКЗ-U» ЖШС мекемесі қандай қайырымдылық шара болсын төбе көрсетіп, тілекші болып жүретінін талай көрдік. Әсіресе Кейден ауылындағы ағайынның әлеуметтік жағдайын тұрақты назарға алып, жергілікті жастарды өндіріске қажетті мамандықтарға оқытуға зор ықылас танытып келеді. Балалар мерекесіне орай мекеме басшысы­ның әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысы Гүльнә­р Рүстемова аудандағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде тәрбиеленетін балаларға өндіріс орнының атынан мол сыйлықтар тарту етті.
Ұстаздар және ата-аналары жетегіндегі 50 бала «NONI» паркте көңіл көтеріп, бас директор Ернұр Қожамбердиев басқаратын «Каз­атампром» ҰАҚ АҚ-на еншілес «СКЗ-U» ЖШС ұйымдастырған мерекелік дастарханның мейманы болды. Пәк көңілді періштелер мол дастарханнан қалағанын ішіп-жеп, қалтасын да толтырды.
– Әрбір мереке қарсаңында мекеме атынан аудандағы ардагерлер мен жастарға, мерейтой иелеріне құрмет көрсетіп келеміз. Бас директор Ернұр Қожамбердиевтің бастамасымен өндіріс орны ұжымы игілікті істерге жаппай жұмылып, түрлі жобалар іске асты. Осындай сәттерде көзіміз анық жеткен құбылыстан тіпті жүрегіміз езіледі. Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың ата-аналары мен тәрбиешілердің еңбегі ересен екендігін айтқым келеді. Дамуында кінәраты бар ойын баласын бір орнында ұстау оңай емес. Осындай балақайлардың бір сәтке болса да көңілін көтеріп, қуаныш сыйлауды үлкен сауапты іс деп санадық, – дейді Гульнара Біләлқызы бізбен әңгімесінде.
Шынар Тұрсынбаева басшылық ететін ұжымда 20-ға жуық қызметкер бар. Әрқайсысының өзіне жүктелген міндеті, жауапкершілігі жетерлік. Ең бастысы, келген балаларды өмірге бейімдеп, денсаулығын қайта түзету. «Бізге келген балалардың сана сезімі, ой-өрісі, жалпы жүйке жүйесінде ауытқуы болғандықтан жылдар бойы жұмыс жасаймыз. Қалыпқа келіп, қоғамдық өмірге түзелгеннен кейін орнын босатып, тізім бойынша бала қабылдай бастаймыз. Шыны керек, мұндай ерекше балалар біздің ауданда аз емес. Дегенмен оларға кәсіби тұрғыда көмек көрсетуге әркез дайынбыз. Мереке қарсаңында арнайы келіп, балалардың көңілін көтеріп, сыйлық үлестіріп жатқан мекеме басшылығына үлкен алғыс білдіреміз, – деді педогикалық-психологиялық түзету кабинетінің басшысы Шынар Есалықызы.
Періште пейілді балалардың жанарынан қуанышты көру қандай ғанибет! Олар – біздің болашағымыз. Балалардың көңілін көтеріп, қамқорлығын аямаған өндіріс ұжымына ата-аналар да алғыстарын жаудырды.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
01 маусым 2024 ж. 255 0