Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 547

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ерасылдың кәсібі көңіл қуантады

Ерасылдың кәсібі көңіл қуантады



Жаңақорғандық 9-сынып оқушысы Ерасыл Жанболатұлының кішігірім бизнесіне қолдау көрсетіп жіберейік. Ала жаздай ауылдағы жеңшесінен гипстен копилка жасауды үйренген Ерасыл батыр бұ күнде өзі қажетті қалыбын сатып алған. Өзі үйінде жасайды. Әзірге ұлу мен аққала кейпіндегі копилканы жасап жүр. Теңге тиыннан құралады демекші, өскелең жасөспірімдерді қаржылық сауаттылыққа баулудың бісмілләсі осы ақша жинаудан басталатыны айқын. Яғни, жинақ қорабын өз балаңызға, не жаңа жылға туыстарыңыздың балаларына сыйлыққа бергенге керемет тарту. Болатын баланың бетін қақпа, белін бу демекші, өзіміздің Жаңақорған да қарапайым отбасында жасалған бұйымға қолдау білдірейік. Көптеп, ептеп еңбегін елеп, демеу білдірейік. Бәлкім, болашақта Ерасыл батыр кәттә кәсіпкер болар. Ең бастысы алғашқы қадамды жасады. Айтпақшы, ол 163 орта мектептің оқушысы.
17 желтоқсан 2023 ж. 431 0