Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қараусыз мал қамауға алынады

Қараусыз мал қамауға алынады

"Түстік өмірің болса, кештік мал жина" деп тіршілікті төрт түлікпен байланыстырған халықпыз. Бүгінгі күні Жаңақорған кенті бойынша бос қараусыз жүрген малдар өзекті мәселе болып табылады.
Жергілікті полиция қызметкерлерімен күнделікті осы бағытта кент тұрғындарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Көше бойларында қараусыз бос жүрген малдар көше бойындағы жасыл желектерді майқандап, сындырып, бүлдіретіндігі мәлім.
Қазіргі уақытта кент көшелерінде жайылып жүрген үй жануарлары көптеп кездеседі. Осы ретте арнайы рейд жұмыстары жүргізіліп, бос жүрген мал иелеріне айыппұл салынды. Алдағы уақытта да қараусыз жүрген төрт түлікке жіті бақылау жүргізіп, айыппұл салынатын болады.
Сондықтан малыңызды көшеге емес, аулаңызға немесе жайылымға бағыттағаныңыз әрі бағымен қамтамасыз еткеніңіз абзал.
28 маусым 2024 ж. 467 0