Өзгентте өткен келелі кездесу

Сайлауалды бағдарламаның сапалы әрі уақытылы орындалып жатқанын тілге тиек етіп, бағдарламада көрсетілген ауылдың өмір-тұрмысын жақсарту, бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Яғни, «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламаның Жол картасы аясында 2023-2024 жылдары жасалынған жұмыстарға тоқтала келе, Өзгент ауылдық клуб үйінің осы сайлауалды бағдарлама аясында салынып, халық игілігіне пайдалануға беріліп отырғандығын жеткізді.
Тұрғындар тарапынан ауыл іші жолдарын асфальттау, жарықтандыру, Мемлекет және Қоғам қайраткері С.Шаухамановтың 85 жыл толуына орай аллея салу және ауылдық клуб үйіне штат бекіту мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, айтылған ұсыныстар назарға алынатындығын, алдағы уақытта депутаттық сауалдар жолданатындығын алға тартты.
Халық қалаулысы ретінде жергілікті атқарушы билікпен бірге ел сенімін ақтауға бар күшін салатынына тұрғындарда сенім артты.