Мәжілістегі фракция мүшесі өзгент ауылдық округінде
«AMANAT» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетовтің бүгінгі Жаңақорған ауданындағы сапары Өзгент ауылдық округі тұрғындарымен кездесумен жалғасты. Кездесу барысында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 01.09.2023 жылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауына тоқталып өтті.
Сонымен қатар «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасы аясында жасалынып жатқан жұмыстарды атап өтті. Кездесу барысында Жаңақорған ауданының әкімі Өзгент ауылдық округінде Спорт комплексін салу мен ауылға газ кіргізу мәселесі қолға алынып жатқандығын, алдағы уақытта аталған мәселелер де өз шешімін табатындығын тілге тиек етті. 2023 жылы Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында 150 орындық Өзгент ауылдық клуб үйі пайдалануға берілген болатын.
Аудандық мәслихат депутаты И.Үсенов Қожакент ауылдық округіндегі мектептің қазіргі таңдағы жай - күйін жеткізіп, жаңа мектеп салуға қаржы қаралса деген ұсынысын білдірді.
Ауыл тұрғындарымен жүздескен фракция мүшесі айтылған ұсыныс бойынша алдағы уақытта жұмыстар жасалатындығын жеткізді.