Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әйел-отбасының шуағы, әйел-тәрбиенің қайнар бұлағы

Әйел-отбасының шуағы, әйел-тәрбиенің қайнар бұлағы

Осы тақырыпта мемлекеттік деңгейде өтіп жатқан апталық шара аясында аудандық әйелдер кеңесі төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Ақмарал Маликова екеууміз Жаңақорған кентінің тұрғыны, 85 жастағы ана Шынар Мақсұтқызына сәлем бермекке арнайылап бардық.
Ол кісі университет бітірмеген. Тіпті орта мектепті толық бітіре алды ма, жоқ па, бірақ өмір мектебі деген соның барлығынан биік тұратын мінберден орын алғаны анық.
Әкесі соғысқа аттанғанда іште алты айлық қалған қыз, өзінен бес жас үлкен ағасы Медетпен бірге ана алақанында ер жетті.
Соғыста хабарсыз кеткен ерінің жолын күткен аналары Базаркүл колхоздың сауыншысы болған. Қос құлынын ешкімнен кем жетілдірмепті. Ісмер еді. Қолөнері аумай-төкпей қызының бойына қонып, келген жерінің құтын молайтуға көмектесті, .жарымжан ата-енесіне көмектесіп, күйеуін оқытты. Анасы Базаркүлдің ақындығы бар еді. Балдары өлеңін жаттап өсті. Әнді жақсы айтатын. Қос қарашығы оны да қағып алды. Қолдан жасатып берген кішкентай домбыраны арқасына іліп өскен ұлы Медет аудандық клубтың алғашқы меңгерушісі болды. 23 жасында көлік апатынан қайтыс болыпты. Базаркүл апа өзі жар түтінін күзетумен алпыс үш жыл ғұмыр кешіпті.Ал он жеті жасында Мұхвмеджанов Ералыға тұрмысқа ұзатқан қызы Шынар апа көктеп-көгеріп, он бес перзент туып, он бірін аман-есен жетілдірді. Бәрі шетінен өнерпаз, бірі өлең жазады, бірі ән айтады.Мамандықтары басқа, барлығы ірі қалаларда тұрып жатыр. Бірақ болмыс бір, тәрбие ортақ. Әкелері өмірден өткеніне отыз жылдан асты. Осы аналарының батасын алуға бүгін Астанадағы дәрігер ұлы Абыдын келіпті. Келіншегімен.
Таңертең самолетке отырғанда "Апа, шықтым"деген. "Жаным, кешке дейін келесің ғой"депті. Соған асығып- апалақтап жеткен беті, алпыста емес, алты жасар бала сынды ана жанында еркелеп, жанары нұр жайнайды.Ана махаббвтының құдіреті осындай.Шынар апа бізді көріп қуанып, естеліктер төгілтті. Әкесі, анасы, Медет бауыры туралы айтты. Өзін тәрбиелеген енесі туралы ерекше тоқталды.Енесі де, өз анасы да бүкіл бір әулеттің шырағын сақтап қалған өте абыройлы, өте сыйлы жандар болған ғой.Шынар апа да солардың жолымен үлкен әулеттің шырақшысы. Қайнысы Уәли көкеміздің жасы сексен бестен асқан, оны әлі "Кшкене бала",деуден жазбады, жолында құрдай жорғалайды. Соны көрген ұл-қыздар да сондай болмай ма?
Ана-отбасының ғана емес, Отанның шуағы. Менің осыған анық көзім жетті.Апа шаңырағында отырған екі-үш сағатта арқа-жарқа апамызбен сырластық. Кеудесі қартаймаған әз ананың немересімен қосыла шырқаған әнін де тыңдадық. Көңіліміз бір бұзылды, бір жадырады.Телегей-теңіз әсер алып, керемет демалып қалдық.Сыртқа шыққанымызда екеуміз де осы күйімізді бір-бірімізден жвсырмай әдемілеп бөлісіп алдық.Ия, аналарымыз аман болсын!

Баян ҮСЕЙІНОВА


12 мамыр 2024 ж. 318 0