№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күйеуіңнің амандығын тілесең, сәлем сал!

Күйеуіңнің амандығын тілесең, сәлем сал!

   Келін сәлемді не үшін салады?
  Неге тек келін сәлем салуы керек? Шаңырақтың берекесін күзетіп, түтінін түзу шығарып отырған әйелге ең алдымен ерінің амандығы маңызды. Үлкендердің айтуынша, келін босаға аттаған соң ерінің амандығын тілеу мақсатында сәлем салады. Елдің алғысы мен ықыласына бөленеді. Тілеушісі көбейеді. Өзінің тілеуіне қоса көптің тілегі қосылса, оның орындалатыны анық. Алла сұрағанға береді. Пірінің амандығын тілеген әйелге одан артық не керек? Осыдан барып, «ері қайтқан әйел сәлем салмайды» дегеннің қайдан шыққанын түсінуге болады.

«Сәлем салмай-ақ қой» десе – сынағаны
  «Рахмет, бұдан кейін сәлем салмай-ақ қой!» дегенді сынағысы келгендер немесе өзін сыйламайтындар айтады (жеке пікірім). Алдыңғысына тоқталсақ, «осы қайтер екен, жақсы болды деп сәлем салмай-ақ салтты ұмыта салар ма екен әлде...» дегендер айтуы мүмкін. Бірақ, ата салтты ұмытуға ешкімнің қақысы жоқ. Солай айтқан жанға екінші мәрте сәлем салсаң, разы боп қалғанын байқайсың. Ал екіншісіне келер болсақ, өзінің ата-бабасының дәстүрін ұмытқан, салтын сыйламайтын, сәлем салған келінді де, өзін де сыйламайтын жандар айтады деп ойлаймын. Иіліп құрмет көрсетіп жатса, жақсы емес пе? Оны несі ерсі, несі жаман?! Қайта сыйының артқаны емес пе?!

Сәлем салу – «ширк» емес

 «Сәлем салуға болмайды, ол ширк» деген сыңайдағы пікір-көзқарастар көбейіп кетпеп пе еді? Бірақ ешбір хадисте «сәлем салу - харам» деген айтылмаған екен. Келіннің иіліп сәлем салуы турасында ешбір қарсы айтылған пәтуа жоқ. Бұл – біздің дәстүр, біздің салт. Сәлем салуда адамның иманын әлсірететін немесе Жаратушыны ұмытып, басқаға табынып кететін ештеңе жоқ. Керісінше, мейірім, ақ тілек, бата, туыстық қатынасты үзіп алмаудың тағы бір жолы деп түсінген жөн. Тәрбиенің бір ғана сабағы ретінде өзім үшін түйгендерім осы. Әрине, мұны түсіндіру үшін әлі балиғат жасына толмаған қыздарыма арналған арнайы "тілім" бар.

Әмина Уалиханқызы.


16 қараша 2018 ж. 3 610 0