№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қоғамдық қабылдау

Қоғамдық қабылдау


Әйелдер кеңесі институт әйелдерінің жоғары қоғамдық ұйымы болып табылады. Ол әйелдердің негізгі қызметі, институттағы моральдық - адамгершілік ахуалды, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, әйелдердің қоғамдық пікірін қалыптастыру бойынша сұрақтарды шешуге атсалысады. Сондай -ақ тірлікте тауы шағылған шаңырақ пен жүдеген жандарға жәрдем береді. Ел бірлігі мен қоғам тыныштығын сақтауда барын салады.

Осындай бағытты ұстанған Жаңақорған ауданы, Кейден ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Ш. Әлжанова "Nur Otan" партиясы Жаңақорған ауданы партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты ретінде менің қабылдауымда болып, өзінің әйелдер кеңесінің төрайымы ретінде атқарылған жұмыстарына тоқтала келе, кейбір әйелдердің отбасылық жағдайларындағы кейбір ащы шындықтардың бетін ашты. Тұрмыстық тауқыметтің ауыртпалығын әлі де жеңе алмай келе жатқан әйел аналардың қасынан бірге табылуға шақырды. Әңгіме барысында аталған аналармен сол мезетте телефон арқылы байланыса отырып, алдағы уақытта біріге отырып, мәлелердің оң бағытта шешілуіне ықпал жасалуына жұмыс жасайтындығымызды жеткіздік.

Тилеубергенова Асемкул Манаповна
Аудандық мәслихат депутаты
25 ақпан 2022 ж. 420 0