Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әке өсиеті бізге азық

Әке өсиеті бізге азық

Әкем Оразбайұлы Пернебек ұлы отан соғысының ардагері 1913 жылы 17 мамырда Төменарық аумағында қазіргі Қожамберді ауылында дүниеге келген. Әкем де өздерінің тағдырластары, замандастары сияқты тағдырдың басына салған барлық қиындықтарында қайнап піскен шыңдалған. Ұлы отан соғысына бастан аяқ қатысқан.
Көрсеткен ерліктеріне қарай, «За отвагу» белгісімен, Берлинді Будапешті алғаны үшін, басқа да орден-медалдарымен марапатталды. Соғыстың алдында ауданда алғаш құрылған «Елтай» колхозына мүше болып, әр түрлі жұмыстар атқарады. Аяулы әкем, соғыстан елге оралғаннан кейін, соғыстан елге оралғаннан кейін, өзінің жұмыс істеген «Елтай» колхозында ауыртпалығын көріп, әбден ысылған әкеміз бұл жұмыста өзін жақсы қырынан көрсете білді. Фермада мал және егін шаруашылығы қатар дамып, ел арасында беделі арта түседі. Одан кейін бригадирлік қызметіне жіберді. Мұндада жемісті еңбек етеді. «Жақсының сөзі де, жақсы өзі де жақсы» деген осы шығар, жақсы әке балаға 40 жыл азық дейді. Бұл сөздің төркінде үлкен мән жатыр. Әкеміз артында ұрпақтарына өнегесі , тәрбиесі аты, атағы абыройы қалды. Мұның бізге 40 жыл азық болатыны ақиқат әкем, анамыз екеуі 6 қыз, 5 бала тәрбиелеп өсірді.
Анамыз «алтын құрсақты» ана. Әке шешеміз өте тату тұрды. Анамыз өте бейнетқор адам еді. Әкем өте мейірімді жылы шырайлы, жан-жағына шуақ шашып тұратын жан еді. Әкемнің бір өсиеті бізге өтірік айтпаңдар, ұрлық істемеңдер, кісі жоқ үйге кірмеңдер деп айтып отыратын. Қан майданда қан кешіп, соғыста от пен өлімнің арасында жүрсе де, сабырлы болатын.
Соғыстан кейінгі жылдары майдандас достарымен хат алысып тұратын. Бір күні Досмағанбетұлы Рақымғали деген досынанхат келді. Онда қанды көйлек майдандос Пернебек аға барсыз ба деген хатын оқып көзінен жас шығып кетті. Ол кісі Саратов облысы, Чайыклонский ауданы, Чайыкла ауылынан екен. Әкесі Оразбай шешесі Қалдығыз қарапайым шаруа кісілер болған. Әкем өте бауырмал туыс – туғандарын өте жақсы көретін. Әкем соғыста жүріп, жаралы болып, анасы мен туған-туысына, бауырларына өлең арнаған екен.
Әкем көзі тірісінде бұл өлеңін Нартайдың әніне салып, гормошкамен айтатын. Әкем 1978 жылы 29 маусымда қайтыс болды. Ұл-қыздары бүгінде бәріміз бір-бір шаңырақ иесі атанып, ұрпақ жалғастырып отырмыз.

Пернебекқызы Роза,
Жаңақорған кенті
09 мамыр 2024 ж. 281 0