№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ел есімі ел есінде

Ел есімі ел есінде


Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ұлттық кодты меңгерумен қатар тарихты тануда орны зор.
Ұлы Отан соғысы – екінші дүниежүзілік соғыстың үлкен майданы, ХХ ғасырдағы алапат ең тажал оты болды. Қаншама боздақ азаттық үшін жандарын пида етті. Өмір мен өлім белдескен алапат айқаста халқымыздың Отанға қажымас қайраттылығымен, жарасты ынтымағымен айбынды білек аталарымыздың арқасында Ұлы Жеңіс жақындай түскені белгілі.


Иә, Кеңес одағының басына күн туып, ел шетіне жау тигенде 1 млн 666 мың Қазақстандық та атқа қонды. Соның бірі – ел тыныштығы үшін жанын қиып батырлық көрсеткен, соғыс отын сөндіруге үлес қосқан Ұлы Отан соғысының ардагері жерлес жауынгер Мұратбек Бекжанов.
Мұратбек Бекжанов 1914 жылы Төменарық елді мекенінде туылып, еңбек жолын 1933 жылы «Горняк» қосалқы шаруашылығында жұмысшы болып бастайды. 1935 жылы Төменарық селосындағы наубайханада нан пісіруші болып істеді.
1941 жылы 3 тамыз күні Совет армиясының қатарына шақырылып сонау Берлинге дейін қанды шайқасқа қатысып, фашизмге қарсы соғыста нағыз батырлықтың үлгісін көрсете білді.
Еленген ерліктің айғағы екі мәрте «Қызыл жұлдыз орденімен», 3-ші дәрежелі «Даңқ ордені», 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлік үшін медалі», «Жауынгерлік еңбегі үшін медалі», сонымен қатар КСРО Жоғарғы Бас қолбасшысы И.В.Сталиннің және маршал Гречконың арнайы қол қойылған алғыстарымен марапатталған.
1945 жылы неміс фашистерін жеңгеннен кейін, шығыстағы Жапонияның Квантун армиясын талқандауға және Қытай халқын Жапон басқыншыларынан азат етуге қатысқан.
1946 жылы соғыстан оралғаннан кейін Төменарық наубайханасында қатардағы жұмысшы,одан наубайхана меңгерушісі қызметін атқарып 1977 жылға дейін 31 жыл бойы Төменарық халқын дәмді нанмен қамтамасыз еткен.
Халқына жасаған адал қызметі үшін «Еңбек ері», «Үздік еңбегі үшін» т.б. медальдарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
Соғыс және Еңбек ардагері Бекжанов Мұратбектің ерлігі мен еңбегі – ел арасында үлгі ретінде есте қалуда.
Біздің парызымыз – қаза тапқан бірде-бір сарбазды естен шығармай, арамыздағы Ұлы Отан соғысындағы, еңбек майданы мен соғыс ардагерлеріне көрсеткен ерліктері үшін алғысымызды айтып отыру.

Қайрат ЖҰМАБЕКОВ
01 қыркүйек 2021 ж. 496 0