№39 (8750) 18

18 мамыр 2024 ж.

№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » « АЙБЫН – 2024 » әскери – патриоттық жастар жиынының аудандық іріктеу сайысы

« АЙБЫН – 2024 » әскери – патриоттық жастар жиынының аудандық іріктеу сайысы


2024 жылы 30 сәуір күні аудан орталығындағы №289 орта мектеп базасында өткізілді.

Аудандық сайысқа:
- Орталық аймағы ( № 110, № 163, № 169, № 289 мектептер),
- Ынтымақ аймағы ( № 86, № 164, № 208, № 221 мектептер),
- Сығанақ аймағы ( № 52, № 53, № 162, № 166, № 195, № 223 мектептер),
- Тау аймағы ( № 54, № 160, № 161, № 180, № 239, № 247, № 254 мектептер )
- Сыр аймағы ( № 167, № 168, № 213, № 224, № 245 мектептер )
- Аққорған аймағы ( № 184, № 192, № 240, № 256 мектептер )
мектеп командаларынан 90 оқушы қатысып бақтарын сынады.

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің орынбасары, подполковник Жакипов Алмат Алмасұлы, Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Есенбаев Бекжан Шакизатұлы, Аудан әкімі аппаратының "Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу " бөлімінің маманы Бердібеков Нұрдәулет Кенжебайұлы және Жаңақорған ауданының «Ауған соғысы ардагерлері және патриот жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилакимов Қуаныш Мұсаұлы
салтанатты жиынды ашып, сайысқа қатысушы мектеп командаларына сәттілік тіледі.

« АЙБЫН – 2024 » әскери – патриоттық жастар жиынының аудандық іріктеу сайысына қатысушы командалар төмендегідей көрсеткіш көрсетті:

Бас жүлде Ынтымақ аймағы ( № 86, № 164, № 208, № 221 мектептер)
І – орын Тау аймағы ( № 54, № 160, № 161, № 180, № 239, № 247, № 254 мектептер )
ІІ – орын Аққорған аймағы ( № 184, № 192, № 240, № 256 мектептер )
ІІІ – орын Орталық аймағы ( № 110, № 163, № 169, № 289 мектептер),

Қорытынды бөлімінде сайыстың барлық бағдарламалары бойынша және жалпы командалық жүлделі орындарымен облыстық білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының диплом, кубок медалдары, Жаңақорған ауданының «Ауған соғысы ардагерлері және патриот жастары» қоғамдық бірлестігінің сылықтарымен дипломдары және Жаңақорған ауданы әкімдігі Жастар Ресурстық орталығының кубок, медалдары табысталды.
06 мамыр 2024 ж. 118 0