Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көрерменнің көзайымы

Көрерменнің көзайымы


Жуырда Тараз қаласында Шона Смахан­ұлының 100 жылдығына орай «Жүз шымшыма» атты республикалық фестиваль өтті. Әзіл-сықақ аламанында жаңақорғандық «Күлеміз бе, қайтеміз?» әзіл-сықақ театры облыс намысын қорғап, жүлделі орынды қанжығасын байлады.
Конкурста елдің 11 өңірінен 130 өнерпаз өнер көрсеткен. Осынша мәдениет майтал­ман­дарының арасынан топ жарып, «Кө­рермен көзайымы» аталымымен марапатталған жаңа­қорғандықтардың жеңісі аудан абыройын асқақтатты.


– Фестиваль екі бөлімнен тұрды. Алғашында Шона Смаханұлының «Есек әкім болса» деген шымшымасынан интермедия қойдық. Одан кейін Тілеген Бекарыстановтың «Перзентхана» монологын интермедияға айналдырып сахналадық. Біздің театрдың құрамында Айдарбек Молдабек, Асылхан Палахмет және Шәкәрім Ибадулла төртеуміз өнер көрсеттік, – дейді театр жетекшісі Балмұхаммед Әбжаппаров

Халық театрлары арасында ынтымақтас­тық пен достықты нығайту мақсатында өте жо­ғары деңгейде ұйымдастырылған шара көптің көңілінен шықты.
Өнерпаздар сапардың алғашқы күні көне Тараз қаласының тарихи орындарын аралағанда­рын айтты. Асқар Алатаудың етегінде орналас­қан сұлу шаһардың қарасаң көз тоймайтын тұмса табиғатын тамашалаған жан-жақтан кел­ген талапкерлер бір-бірімен жақын танысуға мүмкіндік алды.
– Әділ қазылар алқасында болған елге танымал сықақшылар Тұңғышбай Жаманқұлов пен Жүсіп Ақшора біздің өнерді жоғары бағалап, театр құрамындағы жас таланттарға толағай табыс тіледі. Жалпы, осындай шараларға бару арқылы өнер адамдары шыңдалады, шабыты ашылады, - дейді театр мүшесі Айдарбек Молдабек.
Хош. «Күлеміз бе, қайтеміз?» театрының тарихына тоқталсақ. 30 жылдық тарихында 100-ге жуық сахналық қойылым қойған театрдың негізін 90-жылдары Әбубәкір Әбжаппаров пен Жолмырза Иманбеков қалаған. Одан кейін 1996 жылдары театрдың тізгінін Дінмұхаммед Әбжаппаров алып, көптеген сахналық қойы­лымдарды жарыққа шығарды. Кейіннен театр жұмысы тоқырап, бірнеше жыл үзілістен кейін Балмұхаммед Әбжаппаров қолға алып, 2017 жылдан бастап театр тынысына қайта жан бітті. Осы уақыт аралығында сан мәрте додаларға қатысып, облыс пен қоса республикалық аламандарда топ жарып жүр.

Айсұлу Алданазар
04 мамыр 2024 ж. 219 0