"Жаңаша" әзіл-сықақ театры "Тау самалы" лагерінде
Тау бөктеріндегі тұмса табиғат аясында орналасқан лагерьге бұл жолы Тохтар Әжімұратов жетекшілік ететін «Жаңаша» әзіл-сықақ отауы өз шығармашылық кешін берді. Тынығушыларға тебipентер ән мен тамаша әзіл сыйлаған кешке Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрымжан Бұлдырықов пен мәдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаева арнайы келді.
Талантын өнермен ұштастырған театр әртістерінің шеберлігі, сахна мәдениетін сақтаудағы біліктіліктері, өздеріне берілген кейіпкердің портретін аша білуі, сондай-ақ сахнаны әсем әнмен тербеуі көрерменнің өнерге деген қызығушылығы мен құрметін арттыра түскендей болды.
Кеш соңында көрермен көзайымына айналып үлгерген театрға тынығушылар өз лебіздерін білдірді. Арнайы "Жаңаша" халықтық әзіл-сықақ отауының атынан осы шараға қатысқан өнерпаздарға алғыс білдіреміз. Ерекше алғыс Кейден ауылдық округі клубының директоры Балмұхаммед Абжаппаровқа. Ауданымыздың мәдениеті мен өнері асқақтай берсін.