«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қызылордалық тұрғын темірден түрлі бұйым жасайды

Қызылордалық тұрғын темірден түрлі бұйым жасайды


Қызылордалық тұрғын Марат Бұханов темірден түйін түйген шебер. Ол темірден түрлі бұйымдар жасайды. Қиял мен шеберлікті ұштастыра отырып тұрмыстық бұйымдар, есіктер мен орындықтар, әткеншектерді ерекше үлгіде жасап береді.

Темірді балқытып одан қажетті бұйым жасау халқымыздан бұрыннан келе жатқан кәсіп түрі. Қазіргідей өркениетке қадам басқан кезеңде де бұл өнер маңыздылығын жойған емес. Бабадан жеткен өнерді күні бүгінге дейін жалғап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші – Марат Бұхаов сынды шеберлер.
Кәсіпкер бұл іспен айналысқанына 10 жылдан аса уақыт өткенін айтады. Кейін кәсібін жандандыру мақсатында шағын шеберхана ашып, жұмысын жүргізеді. Бүгінде темір бұйымдарына ккөпшілік арасында сұраныс артқан.

       
– Темірден түрлі бұйым жасағаныма 10 жылдан асты. Алайда жеке кәсібімді ашқаныма 1 жылдан астам уақыт өтті. Қазіргі таңда темірден жасалатын тұрмысқа қажетті бұйымдар сұранысқа ие. Сондықтан жеке ісімді ашып, қолдан келер істі кәсіп көзіне айналдыруды жөн көрдім. Құдайға шүкір, кәсібім берекелі деуге болады. Сұраныс бар жерде, тапсырыста болады. Тұрғындар көбіне есік, әткеншек, қақпа сынды бұйымдарға тапсырыс береді. Оның орындалу мерзімі де бұйымның жасалу жолына байланысты болады. Мәселен, канцеляр тапсырыс берсе 2-3 күнде, қақпа тапсырыс берсе 5 күнде дайын болады. Ал  есіктерін екі – үш күнде құрып істеп береміз, – дейді шебер Марат Бұханов.

        Жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отырған шебердің қазіргі таңда қарамағында алты қызметкері бар. Олар түскен тапсырыстың уақытылы әрі сапалы орындалуына жауапты мамандар. Ал шебердің айтуынша, бір жыл көлемінде 2000 мыңға жуық тапсырыс қабылдаған. Сонымен қатар, кәсіп иесі тапсырысты жеткізу, орнатып беру қызметін көрсететінін де жеткізді.
22 сәуір 2024 ж. 165 0

Ұқсас жаңалықтар: