№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тазалық төріңде тұрсын

Тазалық төріңде тұрсын

Ерте көктемнен тазалықты ту еткен тұрғындармен бірге аудандағы өндіріс орындарының ұжымы да сауапты іске саналы тұрғыда үлестерін қосып келеді. Әсіресе, дария маңына жауапты «Қызылқұм» ЖШС тазалыққа мән беріп, жыл сайын айналаны күл-қоқыстан тазартуды дәстүрге айналдырды. Биыл да осы үрдістен жаңылмай мекеме қызметкерлері Сырдария жағалауын қоқыстан тазалауға ұйымшылдықпен бас біріктіріп отыр. «Тазалық эстафетасы» атты республикалық экологиялық акциясы биыл да қызу жалғасын тапты.
Жаңақорған – өндірісті ауданның бірі. Әсіресе уран өндіретін компанияларға бай өңірдің өрісі жыл сайын өркен­дей түсуі заңдылық. Тұрғындардың әлеуметтік жай-күйі, оның ішінде жұмыссыздықты жою мәселесінде ірі мекемелердің ықпалы өте зор. Соның қатарында «Қызылқұм» ЖШС меке­ме­сінде бүгінде 400-ге жуық қызметкер болса, соның 70 пайызға жуығы жергілікті жердің азаматтары екен. Өндірісте вахталық жұмыс әдісі бойынша жұмыс жүргізіледі. Белгілі көлемде жергілікті қазынаға салығын да төлеп отыр.
– Аталған акцияның мақсаты – облыс тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру және эко­логиялық сауаттылыққа жол ашу, қор­шаған ортаның ласталмауына жұрт­шылықтың назарын аудару болып табылады. Мекемеден 2 көлік, 20 қызметкер арнайы босатылып тазалық шарасына кірістік. Сырдария өткелі арқылы өтетін көпірдің екі аумағы біздің мекеменің назарында, сондықтан жыл сайын бұл жерлерді қоқыстан тазартуды қолға алып келеміз. Осы орайда, аудан тұрғындары тазалыққа тиянақты мән берсе деген өтінішіміз бар, – дейді мекеменің өндірістік-қауіпсіздік басқарма бастығының орынбасары Алдаберген Ыдырысов.
Иә, кенттің тазалығы алдымен өзімізге керек. Алыс-жақыннан келген қонақтар осы көпірден міндетті түрде өтеді. Сондықтан көпірдің қос аумағын тазалау жұмысы қарқынды жүруде. Бұл біріншіден, Сыр беткейдегі ауылдарға апарар жолдың тазалығына көрік берсе, екіншіден, балық аулауға және дема­луға келгендерге айнала экологиялық жайлылықты тарту етеді. Енді бұл мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқтала кетейік.
Жылына 3000 тоннаға дейін уран өндіруге қауқары бар кәсіпорынның іргетасы 2005 жылы қаланды. Серіктес­тік 2008 жылдан бастап аймақтағы «Солтүстік Хорасан» кен орнының Хорасан-1 учаскесінде жер асты ұңғыма әдісімен уран өндіруде. Уран өндіру жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен іске асады. Бұл әдістің қоршаған ортаға теріс ықпалы аз және ол өндірудің барынша төмен өзіндік құнын, өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы жоға­ры көрсеткіштерді қамтамасыз етеді. Уран өндірудің барлық процестері автоматтандырылған және компанияның тұрақты бақылауында. Уран өндірісінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және өндіріс ауқымын сұранысқа икемдеп қысқарту жөнінде стратегия­лық шешімі қабылданды. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап 3 жылға жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша жоспарланған өндіріс ауқымын 20 пайызға қысқарту жалғасуда. Соған сәйкес 1600 тонна ядролық отын шығаруда. Оның мәні қымбат энергетикалық ресурсты арзан бағаға сатпау және уран қорын сақтауда жатыр.
Сонымен тазалық акциясына тік тұрған мекеме ұжымының ісіне тәнті болдық. Тазалық мәдениетін қалып­тастыруды әсілі қазаққа ешкім үйреткен емес. Табалдырыұтан төрімізге дейін таза болуды ұрпағына өнеге еткен текті ұрпақтың өкіліміз. Сондықтан бұл дағды өмірімізбен тұтастықта болса игі.
«Тазалық табалдырықтан басталады» десек, кенттің келісті келбетінің ажарын ашатын тек сәулетті ғимараттар мен жасыл-желек жамылған гүлзарлар ғана емес, бірінші кезекте, оның тазалығы. Шыны керек, алажаздай қоқыспен алыссақ та жер ана күзде қайта ластанған кейіпке енетіні рас. Оның міндеті мен ауыртпалығын тазалық мекемесі мен жауапты қызметкерлерге ысырып тастау қисынға келмейді. Әрине олардың бұл тікелей міндеті шығар, бірақ әрбір тұрғын туған өлкеге жанашырлық танытуы тиіс. Ортақ істе бөле-жарылмай, міндетті жауаптыларға ғана арқалатпай, кент тазалығына тұрғындар болып ортақтасатын кез келді.

Әли ТЕМІРБЕК
22 наурыз 2024 ж. 373 0