№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұтынушылар нені түсіну керек

Тұтынушылар нені түсіну керек


Қазір елдің әр өңіріндегі сауда желілілерінде, әсіресе қалалар мен елді мекендердің базарларында халыққа дезинсекциялау және дератизациялау құралдары еркін сатылуда. Олардың бақылаусыз өткізілуі, тұрғындардың қолжетімділігі, тұрғын үй-жайларда тұрмыстық жәндіктерге өз бетінше өңдеу жүргізгеннен кейін уытпен уланудан болған өлім жағдайы жиіледі. Сондықтан аурудың алдын алу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің №6 «Санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы шықты.
Осыған байланысты Жаңақорған аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қадағалу жүргізіп, тұрғындарды да құлақтандыру жұмысына көшті. Әйтпесе дерттің арты өлімге әкеліп соғатынын тағы құлаққағыс етеміз. Мәселен, 2020 жылдың ақпан айында Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында қолданылатын құралдарды пайдалану кезінде уытты затпен уланудың 11 жағдайы тіркеліп, біреуі өліммен аяқталды.
– Бұл құралдарды дұрыс пайдаланудағы арнайы дағдыларының болмауы жағдайды қиындата түседі. Экспозициясы сақталмайды, қорғау құралдары пайдаланылмайды, жағымсыз әсерлері мен уланудың алдын-алу шаралары ескерілмейді. Жалпақ тілмен айтқанда біз тұтынатын тауардың сапасы мен уақытына, тіпті тазалығына да мән бермейміз, – деді басқарма басшысы міндетін атқарушы Р.Әшім.
Тұтынушылардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға 1,2,3 қауіптілік сыныпқа жататын дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салу жөнінде шыққан қаулы бойынша бақылау жұмысын жүргізілуі жүйелене түсетіні анық.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
12 наурыз 2020 ж. 761 0