№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ, БІРЛІК ПЕН МЕРЕКЕ

НАУРЫЗ – БЕРЕКЕ, БІРЛІК ПЕН МЕРЕКЕ


Наурыз – тіршіліктің бастауы, жаңарудың негізі. Күн мен түн теңеліп, табиғат түрленген шақта ежелгі дәстүрімізден танбай, алты алаштың баласы қуанышпен көрісіп, бір дастарханда бас біріктіріп, есен-саулық сұрасып жатамыз. Міне, осындай ғажап дәстүр биыл да жалғасын тауып, Аққұм елді-мекеніндегі №221 орта мектепте Әз-Наурыз мерекесі ұйымдастырылды.


Мектеп директоры Нариман Жаху­даев ұлттық мерекеде ауыл үлкендерінің басын қосып, қазақ халқының түрлі салт жоралғыларын жаңғыртуға күш салды.
Шарада сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Бекжан Есенбаев тәрбие атаулының төресі – өнердің орны туралы тоқталып, жас ұландарды ұлттық рухта тәрбиелеуде Наурыз мерекесінің қадір-қасиетіне тереңірек тоқталды.
– Күн мен Түннің теңеліп, Жер анамызға жайқалған көктеммен бірге келетін ұлттық мерекеміз баршамызға құтты болсын. Биылғы жыл еліміз үшін ырыс-несібеге толы, жағымды жаңалықтарға толы берекелі жыл болғай. Ұлыс күнін тойлау дәстүрге айналған мейрам, жыл сайын көктемнің шуақты мерекесін асыға күтеміз. Ондағы мақсат өскелең ұрпақты қазақы болмыста, ұлттық құндылықтарымызды білуге, бойына сіңіруге ықпал ету. Наурыз мерекесі құтты болсын, – деді.
Мектепке кіре берістен қазақы­лықтың иісі аңқып, шаңырақ тігіп, ою-өрнектермен өрнектелген төсеніш­тер төсеп, алаңды әрлеп, әдемілеп бейнелеген. Мектеп оқушылар қазақтың оюлы киімін киіп, бірі би билесе, енді бір әуелете ән салды. Одан әрі арқан тартыс, асық ату, ләңгі тебу, қол күрес, қазақша күрес сынды ұлттық ойындар ойнатылып, мерекенің ажары кіре түсті.
Сондай-ақ көктем айы жер ананың жаңаратын уақыты ғой. Сол себеп­тен аудандық білім бөлімінің басшысы Бекжан Шахизатұлы мектеп алаңына өз атынан ағаш отырғызды.

Мақпал МАРҚАБАЙ
19 наурыз 2024 ж. 289 0