№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Наурыз – мереке, бірлік пен береке!

Наурыз – мереке, бірлік пен береке!

Наурыз – тіршіліктің бастауы, жаңарудың негізі. Күн мен түн теңеліп, табиғат түрленген шақта ежелгі дәстүрімізден танбай алты алаштың баласы қуанышпен көрісіп, бір дастарханда бас біріктіріп, есен-саулық сұрасып жатамыз. Міне, осындай ғажап дәстүр биыл да жалғасын тауып, аудандағы ұжым-мекемелердің ауласында да аталып өтті. Әз-Наурыздың құндылығын дәріптеген осындай шараларға өзіміз де қонақ ретінде шақырылдық.

Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген мерекені Жаңақорған аудандық архиві, аудандық жылжымайтын мүлік, жер кадастор мекемесі және спорт клубы, азаматтарға арналған үкімет мекемесі ұжымы ұйымшылдықпен атап өтті. Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай ұлыстың ұлы күнінің ұлылығын насихаттап, көпке өнеге көрсетіп, елге тамаша тарту жасап жүрген Жаңақорған аудандық архивінің директоры Зағипа Абжелелова ұжымдық наурыз мерекесін атап өтудегі басты мақсатын былай түсіндірді. – Кешегі Кеңестік кезеңде Наурыз мерекесін тойлауға түрлі себептермен тыйым салынғанын да жақсы білеміз. 2010 жылы 19 ақпандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының «Әлем мәдениеті» бағдарламасына сәйкес «Халықаралық Наурыз мерекесі» деп аталатын қарар қабылданды. Міне бүгінгі күні – Наурыз – ақ жүректен жаңару және ұлттық дәстүрімізді насихаттап толыққанды салтанатпен атап өтілетін мерекеге айналды. Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің, ауызбіршілік пен ынтымақтың белгісі, ырысы төгілмес тірліктің бастауы! – дейді ол. Ақ дастархан жайылған аулаға көрік беріп, қазақтың ұлттық киімін киген тұрғындар мен ұйым өкілдері жайғасты. Көптен бері көрмей жүрген жандар төс қағыса амандасып, саулық сұрасып жатты. Қазан толы наурыз көжені қайнатқан қыз-келіншектер бар ықыласымен қонаққа дәм ұсынды. Ән мен күйден жыр шашылып, ақ тілектер төгілді. Көпшілік шарада аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, ауданның құрметті азаматтары Серхожа Ыдырысов, «AMANAT» партиясының Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Мәжитов және еңбек ардагері Айша Наубаева жылы лебіздерін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. «Әл-мүмин» мешітінің бас имамы М.Баймұратов құран бағыштап, ақ батасын берді. *** Наурыз мерекесі – рухани жаңғыру мерекесі ғана емес кіл мықтылардан кім мықтыны анықтайтын сайыстың да алаңы. Осы күні аудан спортшылары орталық алаңда «Ұлттық спорт-ұлт салауаты» атты ұлттық ойындар ұйымдастырып, жас ұрпаққа ұлыс күнінің маңыздылығын насихаттады. Жасөспірімдер арасында қазақша күрес, асық ату және тағы басқа да ұлттық ойын түрлері ойнатылды. Жастар арасында қазақ күресі, еркін күрес, асық ату, ләңгі тебу түрлерінен аудандық спорттық жарыстар өткізілді. – Ләңгі тебу ойыны ерекше ептілікті талап етеді. Мұны меңгерген талапкерлер аз.Себебі, интернет ойыны озған заманда аяқ-қол қимылынақұлшыныс аз. Сондықтан осындай бұхаралық ойындар жиі өтсе, дәстүрлі ойындарымызға ынта артады, – дейді ләңгі ойынының жеңімпазы Нұрлыбек Жарас. Жеңімпаз жүлдегерлер аудандық мәдениет және спорт бөлімінің грамоталарымен марапатталды.
Жастар – ел тірегі. Ұлық мерекенің мәйегін айшықтап, жастық жігерлері мен жалын бітірген жастар ресурстық орталығының ұжымы аудандық ардагерлер үйімен бірлесіп, «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі» атты көпшілік шараны өз аулаларында атап өтті. Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, ауданның құрметті азаматы Музарап Махмудов, «AMANAT» партиясының Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Арман Мәжитовтер сөз алып, ел бірлігін нығайтатын бұхаралық мерекенінің маңыздылығын айтты. Аудан өнерпаздары әннен шашу шашып қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бұл шараның ерекшелігі, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне негізделген спорттық сайыстарды ұйымдастыруында. Ұлдар арасында бұқа тартыс, арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі ойыны ойнатылды. Қол күресіне білек сыбана шыққан қыз-келіншектер де ұлттық мерекенің сәнін кіргізді. Біз осы мерекенің қадірменді қонағы Рахима Әбсаттарованы әңгімеге тартқан едік. – «Көппен көрген ұлы той» деп текке айтылмаса керек. Ел болып қалуымыз үшін көнемізді жаңғыртып, рухымызды оятып, құндылықтарымыздың қадірін арттырып, келешек ұрпаққа аманаттай білсек болғаны. Осынау ұлы күнде жақсы жандармен қауышып, жанымыз жадырап, рухани күш алдық. Бірлігіміз бен берекеміз ортаймай, ел игілігіне еңбек етейік! – дейді ол. Ажары артқан аққұмда Ауданымыздағы шағын ғана түтіннен тұратын Аққұм ауылында биыл бірінші рет ауыл тұрғындарының наурызы мектеп ауласында ұйымдастырылды. Жалпы аққұмдықтар үшін соңғы бесжылдық толайым жақсылық пен жаңалыққа толы болды. Ең бірінші қуаныш – ауылда типтік жобада жаңа мектеп бой көтерді. Ауыл балары кең де жарық, жылуы жақсы, интернетпен қамтылған заманауи мектепте білім алуда. Екіншіден, бұл ауылда жылдар бойы жол мәселесі өте қиын болып келген болатын. Трассадан ауылға бұрылатын көліктер жаңбырда балшыққа батып, барар жеріне жету мұң болған күндер талайдың жүйкесін жұқатты. Сол жолдарға тас төселіп, ретке келтірілсе өткен жылы асфальтталып, тақтайдай жолмен әп-сәтте жетіп баратын болдық. Міне, осындай жетістіктерге қол жеткен ауылда Наурыз тойы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көзбен көріп оралдық. Мектеп басшылығына жаңадан барған жас Нариман Жакудаев ауылдағы алтын ұяда жақсы дәстүр қалыптастырмаққа ауыл үлкендерінің басын қосып, батасын алуға ниеттеніпті. Алдын-ала құрылған ақ отаудың айналасын ұлттық нақышта безендіріп, мектеп ауласына кең жайылған дастархан көпшіліктің дайындағы ас мәзірімен берекесі артып, ауыл тұрғындары мерекеде бір кісідей бас қосты. Ел ағасы Тілеухан Мүсілімов құттықтау сөзін айтып, ақ батасын берсе, ауыл имамы Кәдірбек Әуелбеков құран бағыштады. Келесі кезекте мектептің өнерпаз оқушылары «Шаттық» биімен ортаны толтырды. Одан әрі Алдар көсе, Тазша бала, Қожанасыр қонаққа келіп, ұлттық мерекенің мазмұнын арттырды. Ал бастауыш сынып бүлдіршіндері «Наурызкөк» құсы жайлы көріністі тартымды бейнелеп берді. «Қымызмұрындық» дәстүрі мектептің қызметкерлері мен жоғары сынып оқушылары сахналауында жарасымды көрініс тапса, ардагер ұстаз Нәзікай Шораеваның қолынан шәкірттері шашуға ие болды. Бір қуаныштысы, осы жылдан бастап ауылдағы №221 негізгі мектебі он жылдыққа айналды, келер жылы он бірінші сыныпта оқытып, бірінші сыныпта құшағына қабылдаған төл шәкірттерін өзі қанаттандырып шығарып салуға мүмкіндік туып отыр. Міне, соның нәтижесінде бүгінгі наурыз мерекесінде кеудесі көк тіреген бозбала мен бойжеткеннің салтанатты тұрқы туған жер тұрғындарын қойып, сырттан барған біздің де көңілімізді елжіретті. Барлығымыз болып мектеп оқушылары орындауындағы «Наурыз-көктем», «Қазағымның дәстүрлері-ай» әніне қошеметпен қол соқтық. «Берекелі дастархан», «Қара жорға» биі композициялық құрылымының әсемдігімен көрермендерге эстетикалық шабыт сыйлады. Бір дастархан басында емен-жарқын әңгіме-дүкен құрған ауылдағылар жеті түрлі дәмнен жасалған наурыз көжеден дәм татып, арқа-жарқа көңіл-күйлдерін жасырмады. «Қыранның өрендері өнерге құштар Кент орталығындағы талапкерлерге биылғы жылы есігін ашқан «Қыран» мектебінде қазіргі күні 170 бала жетінші сыныпқа дейін білім алуда. Наурыз мерекесіне бұл білім ошағы да үлкен дайындықпен келіпті. Ұстаздардың негізгі құрамы жоғары санатты бұл ұжымда танымал спортшы, әлемдік деңгейде жүлдегер атанып жүрген Жомарт Мамбетов пен Исламбек Нағызхановтың шәкірттері қазақша күрестен Астанада өткен сайыста жүлделі орын алып келгенін естіген едік. Бүгінгі мерекеде сол бағландар ұлттық спорт түрлерінен алаңда өз өнерлерін көрсетті. Мұнан басқа жоғары деңгейде ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны жүргізген мектеп хореографы Әлеудин Толғанайдың мол ізденісті жұмыс жасағаны көрінді. Бірінен соң бірі қызықты өрілген қойылымдар мен спорттық ойындар жас бала түгілі үлкендердің өзін таң-тамаша қалдырып, көктемнің әдемі күнінде керемет көңілкүй сыйлады. Ата-әже рөлінде Асылбек Сайпиров, Фарида Маханова ойнаса, бағдарламаны қазақ тілі мұғалімі Береке Әбшенова жүргізді. Шарада сөз алған мектеп құрылтайшылары Әмір Азнабаев, мектеп директоры Шолпан Мажитова тәрбие атаулының төресі – өнердің орны туралы тоқталып, жас ұландарды ұлттық рухта тәрбиелеудегі Наурыз мерекесінің қадірқасиетіне тереңірек тоқталды. ұлт достығын ұлықтаған Дана халқымыз жыл басы санаған наурыз айында ел-жұрт жадырап, ағаш егіліп, тұрғындар бір-бірімен көрісіп, мәз болысып жатады. Көптің басын қосатын осынау ұлық мерекенің жыл сайын әрін кіргізіп, құндылығын арттырып келеміз. Соның бірі – шет елдіктерді тамсандырған Қорғантоғай халқының наурыз тойы. Ертеректен Сырдария өзеніне жақын қоныс теуіп, төрт-түлікті түлетіп отырған қорғантоғайлық ағайын ауызбіршілігінің бекемдігімен ерекшеленеді. Татулықты ту еткен тұрғындар биылғы мерекені де айрықша атап өтті. Көшенің бойындағы жасыл желекке ошақ құрып, қазан асып, ұлттық нақышта киінген ер азаматтар мен қыз-келіншектердің сыртқы келбеті қазақ елінің барлық болмыс-бітімін айқындап тұрғандай көрінді. Әдемі кеште қариялар бата беріп, үлкендер ақылдарын айтса, інілер ізеттілігін көрсетіп келген қонақтардан сыйқұрметін аямады. -Күн мен Түннің теңеліп, Жер анамызға жайқалған көктеммен бірге келетін ұлттық мерекеміз баршамызға құтты болсын. Биылғы жыл еліміз үшін ырыс-несібеге толы, жағымды жаңалықтары көп берекелі болғай, – деді кент тұрғыны Құлахмет Әлменов. Одан әрі арқан тартыс, асық ату, ләңгі тебу, қол күрес, қазақша күрес сынды ұлттық ойындар ойнатылып, мерекенің ажары кіре түсті. Айта кететіні, елде өтіп жатқан саяси науқанға арнайы бақылаушы болып келген даниялық азамат Эрик ТауКнудсен мен ресейлік Иван Филатов қазақ дастарханынан ас ішіп, елдің қонақжай пейіліне тәнті болғанын жасырмады. Мұндай мерекені бұрын-соңды көрмеппін. Бұл не деген керемет мейрам. Қыздардың көйлектері де өте көркем екен. Наурыз көженің дәмі ерекше. Өз еліме барғанда қазақ халқының осындай ұлттық мерекесі барын айтып жүретін болдым. Ертеңгі саяси додада сіздердей пейілі дархан халыққа мықты депутаттар сайланады деп сенемін. Қонақжайлықтарыңызға рахмет, – деп алғысын білдірді Эрик тау-Кнудсен. Баян ҮСЕЙІНОВА, Мақпал Пәтенова, Айсұлу АЛДАНАЗАР
22 наурыз 2023 ж. 307 0