Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көрісу ғұрпы – ізгі мерекенің бастауы

Көрісу ғұрпы – ізгі мерекенің бастауы

Көктемнің жылы лебімен келген бүгінгі Көрісу күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бұл – елдің ырыс-ынтымағын арттыратын айрықша мейрам.
Бұл мереке – күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күндерінің бірі. Бұл күн қол алысып, көрісумен ғана өлшенбейді. Адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын адамдар бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу – ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін тамаша дәстүр.
Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман-есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, бір-біріне алғаусыз ақ тілектерін жеткізеді.
Ендеше бүгінгі келіп жеткен жыл баршаңызға құтты болып, бірліктің белгісіне, татулықтың таңбасына айналған қастерлі мереке әр шаңыраққа жақсылық, ырыс, несібесін молынан ала келсін деп тілеймін!
Олай болса, осынау игі күні бір - бірімізбен көрісіп, жақсы тілек айтайық.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ізгі тілекпен,
Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Бекжан Есенбаев

14 наурыз 2024 ж. 259 0