Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жәрмеңке тартуы

Жәрмеңке тартуы


Әдетте жәрмеңке қазаны күзді күні қамба астыққа толғанда қайнайтын. Алты ай төккен маңдай тердің жемісін көретін кез бұл. Аудан диқандары еккен өнімін Сыр жұртына ғана емес, елордалық ағайындарға да тарту етуді дәстүрге айналдырып келеді. Биылғы жылдың алғашқы жәрмеңкесі басталды. Өткен сенбіде Құрманғазы көшесінің бас тұсындағы алаңда аудан халқына биылғы жылдың бірінші жәрмеңкесі ұсынылды.


Жалпы жәрмеңкенің жылуын сезініп, базар бағасынан сәл төмендеу өнімді саудалау бұқара үшін тиімді. Әсіресе, қазіргідей қымбатшылық бүйірден қысқан уақытта өз өнімімізді өгейсітпей, сәл арзан бағада пұлдау аса маңызды. Әйтпесе, импорттық тауарлардың құны шарықтамаса, арзандайтын түрі жоқ. Сондықтан жәрмеңкенің де тиімді тұсын түртіп қоюымыз керек. Бүгінгі жәрмеңкеге 20-ға жуық көлікпен азық-түлік түрі әкелінді. Күріш, картоп, жуа және асқабақты кезіктірдік. Тұрғындардың сұранысы әсіресе картоп дақылдарына көбірек ауды. Бұл жолы картоп өнімдері көбірек келіпті. Бағалары базар бағасынан сәл төмендеу.
– Шыны керек, базардың бағасы шарықтап барады. Көбіне көрші елден келетін тауарлар сауда үйлерінде толып тұрғанымен бағалары тұрақсыз. Ораза уақытында қонақ күтпейтін қазақ жоқ шығар, бірақ қазіргідей қымбатшылықта қонақ күте беру де қиынға соғуда. Еш болмаса өзімізден шығатын тауарлар төмен бағада сатылса деген ой бізде. Сондықтан жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып, баға нарықтан төмен болса, – дейді көпбалалы Раушан апай.
Рас, қазір бағаға шектеу қойылмайды, сондықтан алыпсатарлар бағаны көтеріп тастайды. Ал, ол тауар біздің ауданға келгенше еселеп кететінін ескерсек, дүкендерге кінә арта алмаймыз. Көптің тілеуі өзімізден өндірілетін, өзімізден шығатын өнім түрлерін көбейтсек дейді. Оның ішінде бақшаға баса мән беру маңызды. Яғни, әртараптандыруға мүмкіндігінше мән берсек дұрыс болар еді. Өйткені биыл да аудан көлемінде су тапшылығы жиі айтылуда, ескертулер беріліп, түсініктеме де жүргізілуде. Осы орайда аудандағы егін көлеміне тоқтала кетсек. 2023 жылы аудан бойынша 35 715 гектарға дән тасталса, биыл 36 026 гектарға ұлғайды.
– Биыл күріш 6 035 гектарға, күздік бидай 2 700 га, жаздық бидай 250 га, жаздық арпа 30 га, тары 276 га; дәндік жүгері 1 100 га, мақсары 1 600 га, күнбағыс 46 гектарға егіледі. Сондай-ақ жаңа жоңышқа 4 450 га, ескі жоңышқа 16 296 га, сүрлемдік жүгері 22 га, судан шөбі 8 гектарды құрайды. Картоп 497 га, көкөнiс 646 га, бақша 2 100 гектарға жетті. 2024 жылы 1825 тонна күріш тұқымы егілетін болса, оның 600 тоннасы тазаланды. Атап айтқанда, 1330 тоннасы Лидер, 495 тоннасы Сыр Сұлуы, АйКерім, Маржан сорттары егілетін болады, – деді бас аграном Даурен Абибуллаев.
Былтыр Сыр диқандары жоспарлы межеге жетіп, қамбаны астыққа толтырды. Су тапшылығына қарамастан егінші қауым күріш пен бақша өнімдерінен мол өнім алуда жоғары нәтижеге қол жеткізді. Әрине, мұның бәрі ерен еңбектің, қажыр-қайраттың, еңбекқорлықтың есесі. Жаз бойы атыз жағалаған Сыр диқандары негізгі дақыл-күріштен 503 мың тонна өнімді қамбаға құйып, әр гектарынан 56,5 центнер өнім жинады. Енді биыл да осы қарқынын жоғалтпай, диқандар қамбаны астыққа еселеп толтырамыз деген үмітте. Бұған жаңақорғандық ағайынның шамасы жетеді. Оның игілігін Ақмешіт төріндегі жұртшылық та көріп, тілектес болса игі.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
21 наурыз 2024 ж. 218 0