Соңғы жаңалықтар

Әке отбасы тірегі

12 маусым 2025 ж. 1 265

ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

12 маусым 2025 ж. 73

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жаңақорған өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Жаңақорған өнімдерінің жәрмеңкесі өтті


Биыл Сыр өңірінің шаруалары егін межесін жоспарлы түйіндеп, қамбаны астыққа толтырды. Әсіресе, бақша дақылдарынан жоғары нәтиже көрсете білді. Жаңақорғандық диқандар да шаруаны ширатып, өнімдерін нарыққа шығарды. Өткен сенбіде облыс орталығында ұйымдастырылған жәрмеңкеге арнайы барған аудан диқандары қала тұрғындарына төмен бағада өнімдерін ұсынды. Күз басталса жәрмеңкенің көркін қыздыратын аудан шаруалары жемісті кәсіптерінің берекесін кіргізуге асығады.

  Астана даңғылының бойында Жаңақорған ауданы мен «Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін қызылордалықтар асыға күтті. Қыстың қамын жаз ойлаған тұрғындар мейлінше ертерек әрекетке көшуде. Өйткені, қазір базар бағасы сан құбылып, тауар айналымы артып келеді. Халық көп тұтынатын тауарлар, азық-түлік пен жеміс-жидектің бағасы түрлене беруі заңдылық. Биыл Сыр шаруалары 188 500 гектар жерге егін егіп, күріштің әр гектарынан 56,7 центнерден өнім алды. Жарты миллионға жуық ақмаржан өндірді.

Жалпы, жаңақорғандық диқандар жәрмеңкеге 35 жүк көлігіне тиелген 130 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды. Бұл туралы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев:
– Бүгінгі жәрмеңкеге 10 тоннадан астам күріш, 50 тоннадай картоп, 10 тонна сәбіз, 15 тонна пияз, 25 тонна қауын мен қарбыз, 10 тонна асқабақ, 10 тонна жеміс-жидек, көкөніс өнімдері, жарты тонна ет және балық өнімдері жеткізілді. Жалпы биыл өнім шығымы жақсы, межеден шыға алдық. Келер жылға бұдан да жоғары нәтиже алу жоспарлануда. Ең бастысы, су мәселесі тығырыққа тіремесе болғаны. Қалғаны шаруалардың еншісінде, – дейді.

Иә, жылда жаңақорғандық шаруалар күз басталса болды, әр апта сайын облыс орталығына жол жүретін еді. Биылғы жылдың бастамасы жаман емес. Айта кететіні, келешекте аудан азаматтары қант қызылшасын өңдейтін шағын цех ашпақ. Аудан әкімі бастаманың барын назарға алып, нақты міндеттер жүктегенін жеткізді. Аймақ басшысына инвестор тарту арқылы қант қызылшасын өңдейтін шағын цехтар ашуды мақсат етіп отырғанын жеткізді. Өз кезегінде Нұрлыбек Мәшбекұлы өзі өсіріп, өзі өңдейтін өңірге қолдау білдіретінін айтты.
Сонымен бүгінгі жәрмеңке де тұрғындар көңілінен шыға білді. Әсіресе, картоп пен асқабаққа көптің көңілі ауды.

– Өзім күнделікті тұтынатын тауарларды қаптап алуға тырысудамын. Әсіресе, картоптың бағасы көңілге қонымды. Шыны керек, нарық бағасы жылдан жылға өспесе, түсетін түрі жоқ. Бірақ осындай жәрмеңкелер көбірек өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді, – дейді қала тұрғыны Жамила апамыз.

Биыл аймақ басшысының тапсырмасы аясында егіс егуге ынталы ауыл халқына 10-15 гектардан жер дайындалып, нәтижесінде 6802 отбасы 1833 гектарға бақша өнімдерін егіп, жемісін көруде.

Биылғы өнімнің бағдарын байқадық, егінші қауымның еткен еңбегін көрдік. Енді келер жылы да осы қарқынын жоғалтпай, диқандар қамбаны астыққа еселеп толтырамыз деген үмітте. Бұған жаңақорғандық ағайынның шамасы жетеді. Оның игілігін Ақмешіт төріндегі жұртшылық та көріп, тілектес болса игі.

Әли Темірбек

15 қараша 2022 ж. 313 1

Amber от 23 мамыр 2025 17:51
I’m not that much of a internet reader to be honest but your sites really nice, keep it up! I'll go ahead and bookmark your website to come back later. Cheers casino en ligne I am really impressed along with your writing talents as well as with the structure for your blog. Is that this a paid theme or did you customize it yourself? Either way stay up the nice quality writing, it's rare to look a nice weblog like this one nowadays.. casino en ligne Hi there I am so glad I found your blog page, I really found you by mistake, while I was looking on Yahoo for something else, Nonetheless I am here now and would just like to say thanks a lot for a marvelous post and a all round exciting blog (I also love the theme/design), I don't have time to look over it all at the minute but I have saved it and also added your RSS feeds, so when I have time I will be back to read a great deal more, Please do keep up the great work. casino en ligne France If you wish for to obtain a good deal from this paragraph then you have to apply these techniques to your won blog. casino en ligne What's up, the whole thing is going sound here and ofcourse every one is sharing data, that's genuinely excellent, keep up writing. casino en ligne Whoa! This blog looks just like my old one! It's on a completely different topic but it has pretty much the same page layout and design. Outstanding choice of colors! casino en ligne Now I am going to do my breakfast, afterward having my breakfast coming again to read more news. meilleur casino en ligne I’m not that much of a internet reader to be honest but your blogs really nice, keep it up! I'll go ahead and bookmark your website to come back later on. Many thanks casino en ligne Your style is so unique in comparison to other people I have read stuff from. Thank you for posting when you've got the opportunity, Guess I will just bookmark this blog. casino en ligne France all the time i used to read smaller articles which as well clear their motive, and that is also happening with this article which I am reading at this place. casino en ligne