№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жәрмеңке жұртқа жәрдем бере ме?

Жәрмеңке жұртқа жәрдем бере ме?


Ала жаздай төккен тердің еңбегі күзде жемісін бермей ме?! Өткен сенбіде егін-терімді жинап, ауылшаруашылық өнімдері делдалсыз нарыққа жол тартты. Жаңақорған кентіндегі Құрманғазы көшесінің бас жағы, яғни көпшілік қауын-қарбыз, шөп сататын орын деп есептейтін тұрақта дала еңбеккерлері аудан халқына өнімін ұсынды. Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемовпен бірге халық қалаулылары Мәжит Балқожаев, Нұрлат Байгенже жәрмеңкеге арнайы барып, халықтың сатып алу қабілетін бақылап, тұрғындармен тілдесті.


Күз басталғалы облыс орталығында бірнеше рет жәрмеңке ұйымдастырылып, 35 көлікпен 110 тоннаға жуық бақша, көкөніс өнімдері (32 тонна картоп, 28 тонна пияз, 15 тонна күріш, 500 келіге жуық балық) нарықтан арзан бағада пұлданды. Сөйтіп қала тұрғындары қыс­қы азық-түлігін қамдады. Ендігі кезек Жаңақорған кентінің тұрғындарына да келіп, жәркеңкеге таң ата қамданып, белгіленген жерге келді.
Өзгенттен келген Орынбек Асыл­баевтың балығы айналдырған екі-үш сағатта өтіп кеткенін көрдік.
– Келісін 1000 теңгеден сатудамыз, сұраныста сазан балығы, шыны керек, аздау әкеліп қойған екенбіз. Одан басқа да балық түрлеріне сұраныс жақсы, бағасы да қолжетімді, – деді «Өзгент» көлінің иесі.
Жұрттың назары картоп пен асқа­баққа ауды, голландиялық асқабақ деп аталатын жаңа сортты өнімді қап-қаптап алғандар аз болмады. Олардың қатарында өзім де бармын. Жергілікті өнімнің тағы бірі – Амантай Сарбасовтың алмалары. Келісі 200 теңгеден сатыл­ған алмаға сұраныс жоғары болды. Көпшілік қыстың қамын ойлап, көбірек алуға тырысты. Осындай абыр-сабыр, қызу сауда үстінде аудан әкімі Руслан Рүстемов келіп, саудагерлермен сөй­лесіп, тұрғындардың тілегін тыңдады.
– Жігіттер, сауда сәтті болсын, картоптың келісі қаншадан? – деді аудан басшысы.
– Келісі 145 теңдеген, бір қап 5000 мыңнан жоғары саудалануда. Қазіргі сұраныс картоп және асқабақта, сондықтан көбірек әкелуге тырыстық, – деді Сыр беткейден келген шаруалар.
– Биылғы өнім ойдағыдай шықты ма?
– Бұйырғаны, біз көбіне мал азығы мен күріш дақылын егуге әуестенгенбіз, енді бақшаға да көңіл бөлуге тырысамыз, – деді диқандар.
М.Нәлібаев, Қыркеңсе мен Қожа­кенттен келген «Маржан» күрішін алушылар да көбейді. 25 келілік қабы 4000 теңгеден, басқасына қарағанда «реңді» деген тұрғындар екі-үш қаптан алуға асықты.
Осылай аралап шыққан аудан әкімі Руслан Рүстемов шаруалар еңбегіне жеміс тіледі.
Тұрғындар арасында көңілі толма­ғандары да бар. Қайткенмен, диқан­дардың алажаздайғы еңбегін ескерген жөн. Оның үстіне, биылғы су тапшылығы мен қымбатшылық шаруаларға оңай тимеді.
Қазір базарға қарағанда жәрмеңкенің нарқы арзан. Ертең бұдан да қымбаттауы әбден мүмкін. Сондықтан тұрғындар картоп пен пиязды қап-қаптап алуға асықты.
– Пияздың қабын 2000 теңгеден саудалауда, келіге шаққанда 55-60 теңгеден айналады. Картоп 145 теңге, бірақ өздеріңіз көргендей өнім жақсы өтуде. Келер жылы да бақша дақылда­рына басымдық беруге тырысамыз. Аудан төріндегі алғашқы жәрмеңкеге барлық округтен өнім әкелуге тырыстық, – деді ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев.
Иә, күз – молшылықтың, байлықтың берекенің кезі. Диқанның еңбегінің жемісі жәрмеңкеде көрінетіні белгілі.Сондықтан аудан халқы жәрмеңкені асыға күтеді.
– Отбасымызбен асқабақты жақсы көреміз, сондықтан осы дақылды көбірек алуға тырыстық. Баға қанағаттанарлық. Әрине барлық өнім бірдей емес. Ең бастысы, күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жәр­меңке өткізіліп тұрғаны жақсы. Бүгінгі жәрмеңкені ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін, – деді көпбалалы Жамила апай.
Міне, баста қойылған сұрақтың жауабы да белгілі болғандай. Жәмеңке жұртқа жәрдем береді. Олай болмаса, жәрмеңкеде қалың адам болмас еді...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
12 қазан 2021 ж. 350 0