Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Шахматтан аудандық жарыс өтті

Шахматтан аудандық жарыс өтті

 Келінтөбеде ауылдық округінде ауыл әкімі Жақсылық Әбілқайыровтың ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай шахматтан аудандық жарыс өтті.

 Жарысқа ауданның ең мықты шахматшылары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарысты ашып берген ауыл әкімі өзі қорытындылап, жарыс жеңімпаздары мен үздік ойын көрсеткендерге ақшалай сыйлық пен марапаттады.
Сонымен 1-орын Кеден ауылының тумасы Ерсерік Аділетке бұйырды, 2-орын Әбдіғаппар ауылынан келген Нұржан Буженовтың еншісінде кетті. Ал, 3-орынмен ақшалай сыйлық ауда орталығынан келген Кенже Санатқа бұйырды.
Сондай-ақ, нәзік жандылар да бақ сынап көрді. Бұл топта үздік ойын көрсеткен түгіскендік Гүлназира Мейірбекова мен «Ең жас шахматшы» жүлдесі Кенже Мухамеджанға табысталды. Бұл ауылда жалпы қол добы жақсы дамыған, енді шахматтан жастар өсіп келеді. Ең бастысы бұқаралық спорт даму жолында.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.
12 қаңтар 2020 ж. 1 019 0