» » Ұлттық ойындар - рухани байлығымыз

Ұлттық ойындар - рухани байлығымыз

Балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының, Жаңақорған аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен С.Сапарбеков атындағы 125 орта мектеп базасында “Шоқпарласу” ұлттық ойын түрінен жарыс өткізілді.

Фото

Жарыс қорытындысы бойынша С.Сапарбеков атындағы 125 орта мектеп оқушыларынан құралған команда 2 орын иеленді.

Жарыс жеңімпаздарын, жетекшісі Мамбаев Ерлан Байзақұлын, дене шынықтыру бірлестік жетекшісі Ибрагимов Мұратхан Шамшудинұлын жеңістерімен құттықтаймыз!
15 шілде 2023 ж. 422 0