«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ұлттың тарихын жаңғыртқан - Ұлттық құрылтай

Ұлттың тарихын жаңғыртқан - Ұлттық құрылтай


14 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтай құру және оның құрамы мен ережесін бекіту туралы жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес Атырау қаласында «Ұлттық құрылтай» өтті.
Ұлттық құрылтайдың І отырысын ашқан Президент: «Баршаңызға Ұлттық құрылтайдың ашылуы құтты болсын дегім келеді. Біз бүгін жалпыұлттық референдумнан кейін алғаш рет бас қосып отырмыз. Ата заңға өзгерістер енгізуге арналған референдум табысты өтті. Азаматтарымыз дауыс беруге белсене қатысты. Отбасымен бірге барып, ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Шынайы өзгеріске және жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылысын білдірді. Келешегіміздің жарқын боларына үміті және сенімі зор екенін байқатты. Еліміз ертеңгі күнге мызғымас бірлікпен қадам басуға дайын екенін анық аңғартты», - деген болатын.
Яғни, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Жаңа Қазақстан күрделі әрі ұзақ үдеріс арқылы құрылатынына ерекше мән беріп, оның маңызына да тоқталды.
«Құрылтай шақыру – ертеден келе жатқан ата дәстүріміз екенін жақсы білесіздер. Бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиында талқылаған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. Мұндай шешімдер бүкіл елді біріктірген», - деген сөзі халық көңіліне жылулық сыйлады.
Сондай-ақ, ұлттық құрылтайда үш құндылық негізге алынады. Біріншісі, Алтын Орда асыл мұраты идеологиялық тұжырымы. Екіншісі – ұлтты ұйысуға үндеу. Үшінші ой – мемлекет мүддесі бәрінен биік екендігіне ұлтты ұйыстыруды негізге алып отырғанын ерекше атап өткім келеді.
Қорыта айтқанда, ұлттық құрылтай қарапайым халық көкейіндегі келелі мәселерді айтып қана қоймай, сол мәселерді шешу жолын да қарастырып, жан-жақты ойталқыға салғаны жан біткеннің жүрегіне қуаныш ұялатты.

Арман Мәжитов,
Жаңақорған аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы
15 наурыз 2024 ж. 274 0