Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Иман нұры – ана жүрегінде

Иман нұры – ана жүрегінде


Ананың ақ сүтімен иман нұры сәби бойына тарап, салиқалы ұрпақ болып өсуіне қуат береді. Ұлттың ұлылығы аналардың ізінде жатыр десек, егеменді елдің еңсесі биік болып, керегесі кеңеюін көксеген әзиз аналардың ақ тілеуімен іргелі ел болып келеміз. Сондықтан болар, әр жыл сайын халықаралық әйелдер мерекесі әр ауылда атап өту дәстүрге айналды. Соның бірі Бірлік ауылдық клубында өткен «Арулар – асыл жандар» атты мерекелік концертінің жас отауға берер тағылымы биік болды.


Қаратау бөктеріндегі шағын ауылдың ішінде қайнаған тіршілікті байқадық. Соның бірі – оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған «Әл-Фараби» білім беру орталығы өз жұмысын бастапты. Шағын орталықта «Домбыра», «Вокал», «Қол өнер», «Арифметика», «Ерке сылқым» би үйірмесінде екі жүзден аса бала тәлім алуда. Бір айдан бері ауыл балалары өзі қалаған үйірмеге қабылданып, қабілет-қарымын шыңдауда. Осы ауылдың үлгілі келіні Айнаш Әбсаттарованың игі ісіне халық қолдауда. Наурыз мейрамының жылы лебін сездірер шағын киіз үйімен қазақы салт-дәстүрімізді дәріптеп, қолөнер шеберлерінің әсем бұйымдарын әкеліп, мәдениет үйіндегі кіре-беріс бөлмесіндегі көрмесі көз тартады.
Мерекелік іс-шара Бірлік ауылдық клубы жанындағы Әметхан Әділханов жетекшілік ететін «Шабыт» домбыра үйірмесі мүшелерінің орындауындағы «Әгугай, домбыра» әнімен сахна шымылдығы түрілді. Қазақтың ұлттық күйлерін нақышына келтіріп орындаған жас өнерпаздар алғаш рет сахнаға шықса да қобалжуын білдірмеді. Кәдігі күйшілердей көсіле шапқан жас өрендерге елдің ықыласы ерек болды. Осы кеште хареограф Нұрханша Қыпшақбаеваның жетекшілігіндегі «Ерке сылқым» би үйірмесі мүшелерінің «Шашу» биін төрт топқа топтасқан биші қыздар орындады.
Шара барысын ауыл әкімі Азамат Мамеков, клуб директоры Марат Беделбеков және ауданымыздың жаршысы «Жаңақорған тынысы» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, журналист Мақпал Патенова мерекелік құттықтау сөздерімен, жүрекжарды лебізімен ашылды. Еңбек ардагерлеріне, ұстаздарымызға ауыл әкімі «Алғыс хат» пен сый-сыяпат тапсырды.
Мәдени шарада ауылдық мекеме басшылары да өз ұжымдарын мереке күнімен құттықтап, ардагер аналарға құрмет көрсетті. Тарқата айтсақ, №55 С. Қожанов мектебінен Айнұр Мырзалиеваның, №7 «Қызғалдақ» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Гүлбану Момынханова және «Нұрасыл-Ш» бөбекжай-балабақшасының бір топ үздік аналары марапат мінберінен көрінді. Ауыл тұрғыны, көпшілікке танылып жүрген әнші Досмұқасан Үншібаев «Анаңды сүйсең менше сүй» әнін шабыттана шалқытты. Клуб директоры Марат Беделбеков «Гүл сыйлайық анаға» әнімен көрермен көңіліне нұр сыйлады. Ал, клубымыздың мәдени ұйымдастырушысы, тұрақты әнші Жарқынбек Бейсенбиев «Түрлі арман» әнімен ел ықыласына бөленді. Клуб қызметкері, асабалық өнерімен көпшілікке танылып үлгерген Сейтжаппар Әбдіғаппаров Ескендірдің естен кетпес «Анаға сәлем» әнін абзал аналарымызға жолдады. Викториналық сұрақ-жауап ойындары да өз дәрежесінде өтті. Жас дарын Жәния Аңламастың орындауындағы «Дәл мендей» әні жүрекке жетті.
Сахнада мектеп оқушыларының әндері мен өнер жалғасын тауып жатты. Жиылған көпшілік ауыл өнерпаздарының өнерлерін тамашалап, әсерлі көңіл-күймен тарқады.

Жамила ЕРМАХАН
12 наурыз 2024 ж. 259 0