№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады


Сурет: KTF
Қазақстандық теннисшілер Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметінен.
Әлемнің 51-ракеткасы Александр Шевченко Индиан-Уэллс мастерс жарысының алғашқы айналымында рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған германиялық Доминик Кепфермен сынға түсті. Бірінші партияда Шевченко 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде есе жіберді - 1:6. Дегенмен шешуші, үшінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3). Александр Шевченко екінші айналымда әлемнің 22-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Черундоломен шеберлік байқасады. Әйелдер арасында Индиан-Уэллс WTA 1000 додасында әлемнің 79-ракеткасы Юлия Путинцева да сәтті ойнай алды. Ол рейтингіде 76-орындағы тағы бір германиялық Тамара Корпачты екі сетте жеңді - 6:2, 6:3. Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы - әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова.
10 наурыз 2024 ж. 353 0