№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстандық теннисшілер Рим турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Рим турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Елена Рыбакина жұптық сында Рим WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды 


Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина ресейлік Екатерина Александровамен бірге алғашқы айналымда италиялықтар Клаудия Джовине – Анастасия Гримальскамен кортқа шықты.
Қазақстандық-ресейлік жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
А.Данилина мен Е.Александрова ширек финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, канадалық Габриэла Дабровски – мексикалық Джулиана Олмоспен таласады.
Е.Рыбакина тағы бір ресейлік Людмила Самсоновамен бірге бастапқы кездесуін бельгиялық Кирстен Флипкенс – испаниялық Сара Соррибес-Тормомен өткізді.
Бұл матч әлдеқайда тартысты өрбіді.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде қарсыластары есе қайырды – 2:6.
Супер тай-брейкте Е.Рыбакина мен Л.Самсонова жеңісті жұлып алды – 11:9.
Тартысты бәсеке сағат жарымға созылды.
Е.Рыбакина мен Л.Самсонованың екінші айналымдағы қарсыластары кейін анықталады.
10 мамыр 2022 ж. 736 0