Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстандық теннисшілер Мароккодағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисшілер Мароккодағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап. syrboyi.kz


Доданың үшінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші мен мажарстандық Тимея Бабош алғашқы айналымда чехиялық Анастасия Детюк – венесуэлалық Андреа Гамиспен шеберлік байқасты. Тартысты өткен бірінші партияда қазақстандық-мажарстандық дуэт тай-брейкте жеңісті жұлып алды (7:6 (7:3)).
Екінші сетте Детюк пен Гамиске еш мүмкіндік қалдырмады – 6:0. Сонымен қатар әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева да Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан WTA 250 турнирін жеңіспен бастады. Жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 1230-орында тұрған марокколық Ая Эль-Ауниден басым түсті. Енді Юлия Путинцева жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 129-ракеткасы, франциялық Леолия Жанжанмен кездеседі.
24 мамыр 2023 ж. 4 696 0